ШАРШЫ АЛАҢДА – ШЕБЕРЛЕР

13:16, 10 қазан 2019

Қарағанды қаласындағы Сұрыптау кентінде жасөспірімдер арасында бокстан турнир өтті. Дүбірлі додаға Қарағанды облысынан және Елордадан 300 спортшы жиналды

Балалармен жасөспрімдер спорт мектебіне жас былғары қолғап шеберлері жиналды. Бокстан турнир осымен екінші мәрте өткізіліп отыр.  Басты мақсат жуырда өтетін облыстық чемпионатқа ең мықтыларын іріктеп алу.

Бейбіт ДҮЙСЕТАЕВ, бұқаралық спорт түрлері бойынша мектеп  директоры:

-Былтырғыға қарағанда жылдан жылға осы бокс қатты дамып келеді. Қатысушылар өте көп. Енді ойлап оытрмыз әрі қарай жақсы дамып кетсе республикалық турнирға айналдырсақ деп.

Ұлан Смағұлов  бокстың қыр сырын жетік білетін бапкер. Қазір турнирдің шаршы алаңында шәкірттері өз біліктіліктерін көрсетуде. Бұған дейін жас спортшылар талай байрақты бәсекелерде жарыс алаңына шығып топ жарған болатын. Сондықтан оларға деген үміті үлкен.

Ұлан СМАҒҰЛОВ,  бапкер:

-Балалардың спорттық мастерствасын дәрежесін көтеру, опыт алмастыру. Мықты балалар өздерін көрсетіп жеңіске жетуі керек.

Турнирға Қарағанды облысының қала аудандарымен Нұрсұлтан қаласынан барлығы 280 үміткер жиналды. Әр талапкер шеберліктерін ортаға салып, жүзден жүйрік шығуға тырысып жатты.

Бегім ЖАҚСЫЛЫҚ, спортшы:

-Жарысқа көп дайындалдым ағаймен бірге. Болашақта үлкен чемпион болам. Жетістіктерге жетемін.

Бұл спорттық дода Қарағанды қаласының 85 жылдық атаулы датасымен жастар жылына арналып отыр. Жарыс қортындысы 12 қазан күні шығарылады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар