ШАХТИНСК. ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ

18:14, 9 мамыр 2019

Шахтинск қаласының тұрғындары да жеңіс мерекеледі . Қаланың орталық алаңында салтанатты шеруден бастау алған мерекелік шара Шаханда облысымыздың үздік шабандоздарының басын қосқан ұлттық ойындармен жалғасты

Сәния ОРЫНБАСАР, тілші:

Шахтинск қаласының тұрғындары «Батырларға тағзым» атты бейбіт шеруге шықты. Қазір шерушілер соғыс ардагерлерінің ескерткішіне қарай беттеп барады.

Сержан АЙМАҚОВ, Шахтинск қаласының әкімі:

Ескерткіш жанына арнайы палаткалар құрылып, онда ардагерлер мен  шараға қатысушыларға солдат ботқасы мен сусындар тегін таратылды.

Сұрапыл соғысты есіне алған ардагер тәуелсіз елдің бүгінгі ұландарына жылы өсиеттерін  айтты

Николай ЧИРЫШЕВ, Соғыс ардагері:

Қаланың орталық алаңында сахна құрылып, мерекелік шара музыкалық бағдарламамен жалғасын тапты.Мереке барысында  Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының өнерпаздары мен жергілікті шығармашылық ұжымдар концерт қойды. 

Шахтинск қаласындағы Ұлы Жеңістің 74-жылдығына орай қала жастарының қатысуымен жеңіл атлетикадан эстафета өтті. Спорттық жарыс одан әрі  ұлттық ойындар жарысымен жалғасты .

Сапар ИБКЕЕВ, Шахтинск қаласы кәсіпкерлер палатасы қауымдастығының директоры:

Шахардағы спорттық шара мұнымен бітпеді. Теңге алу, аударыспақ, асауды үйрету, бәйге, көкпар алу  секілді  бәйгелер қатар өтті.Оған  Шет, Қарқаралы, Нұра аудандарының жастары келіп қатысты. Бас жүлдеге ірі қара мал тігілді.Ұйымдастырушылар  жүлделі орын алғандарға ақшалай және заттай бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сәния ОРЫНБАСАР

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар