«ШАХТЕР» СТАДИОНЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ

17:13, 13 маусым 2019

«Шахтер» стадионы премьер-лига аясында өз алаңында ойын өткізуге дайын. ҚФФ-нан келген мамандар осындай тұжырым жасады. Еске салсақ, осыған дейін жерлестеріміз «Астана-Арена» стадионында ойынап келген

Мамандар табиғи жабынды қазір толық қалпына келгенін,  жексенбі күні «Атырау» командасымен өтетін ойынға тас-түйін дайын екенін мәлімдеді.   Төл алаңдарында  өтетін алғашқы кездесуде, жанкүйерлерге кіру тегін. Футболшылардың дайындығы жақсы. Команда да бірқатар легионерлерде бар. Жерлес клуб қазір кесте турнирінің 7-ші сатысында тұр.

 Вячеслав МАЗИТОВ, «Шахтер» стадионының директоры:

-Қарағандының  ауа-райы қатқыл.Сондықтан  табиғи газонға  күтім жасау оңай емес. Бірақ,мүмкіндігінше жағдай жасап жатырмыз. Алдағы уаықтта  қолдан жасалған жабындыға өту  ойымызда бар. Сұқбат беру сәтін пайдаланып, көрермендерге алдағы жексенбіде, кешкі сағат 19:00-де жерлес командаға жанкүйер болыңыздар дегенөтінішімді жеткізгім келеді.

Әлібек ОРАЗҒАЛИЕВ, «Шахтер» ФК атқарушы директоры:

-Ойыншылардың кездесуге деген дайындығы жаман емес. Бірқатар позицияны мықтап түсуіміз керек. Стадион әкімшілігі бізге жағдай жасап жатыр. Жанкүйерлер алдында ойын көрсетуге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз.

 Дауренбек БАҚДАУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар