ШАХТЕР АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢДІ

16:27, 19 тамыз 2019

Қарағандылық «Шахтер» қорытынды айналымды сенімді бастады. Қызылордалық қонақтар «кеншілердің» қаһарына ұшырап, жерлестеріміз айқын басымдылықпен жеңіске жетті

Алғашқы таймда қос тарап алмакезек шабуылдарын жаудырып, белсенді қимылдағанымен, 45 минут ішінде есеп ашылмады. Екі клубтың да қақпашылары жоғары деңгейде ойын көрсете білді. Ал, кездесудің екінші кезеңінде жеңістен дәмелі кеншілер командасы қақпаға бағыттаған соққыдан нәтиже көре бастады. 52-ші минутта Доньет Шкодраның шабуылы сәтті шығып, алаң иелері алғашқы басымдылыққа қол жеткізеді. «Шахтер» мерейі ойынның 60 минутында еселене түсті. Жанкүйерлердің ыхыласына бөленген шабуылшы Еркебұлан Нұрғалиев дәл бағыттаған добымен қақпаны бағындырды. Қарсыласынан екі есепке алға шыққан жерлес команда алға ұмтылуын доғармайды. 14 минут өткен соң Сергей Зенев «Қайсарлық» ойыншылардың әлсіз тұсын пайдаланып,  қонақ команданың қараусыз қалған қақпасын құрықтайды. Ойынға нүкте қойылып, "Шахтер" айқын басымдылықпен алға шықты. Есеп 3:0. Шахтердің келесі қарсыласы Шымкенттік «Ордабасы» командасы, кездесу Оңтүстік шаһардың төрінде өтпек. Сондай – ақ, араға бір апта салып кеншілер чемпионат алтынына басты үміткерлердің бірі -  Алматылық «Қайратпен» жүздесетін болады.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар