ШАҺАРДЫҢ ДАМУЫ

17:42, 27 ақпан 2020

Алдағы уақытта Приозеркісінің келбеті адам танымастай өзгереді. Шағын қалада эко-ауыл, жаңа қонақ үйлер және демалыс орындары ашылмақ. Қаланың қарқынды дамуы жайлы аймақтық коммуникациялар қызметінің брифингінде қала әкімі Қайрат Қамзин мәлімдеді

Шағын қала алдағы уақытта туризм қарқынын дамытпақ ниетте.  Сол үшін қазір инвестиция тарту жұмысы жанданып тұр.  Былтыр өткізілген туристік форумда осы мәселелер кеңінен қаралған. Оған Қазақстан мен Ресейден 50- ге жуық туристтік агенттік өкілдері қатысыпты.

Қайрат ҚАМЗИН, Приозерск қаласының әкімі:

-Оның қортындысы бойынша Қарағанды мен Нұр-Сұлтаннан 2018-ші жылы ашылған Гранит қонақ жай кешеніне 6 оператор келісім шарт жасады. Бізде қызмет етіп келе жатқан «Балқаш» сауықтыру кешеніне де қызығушылық жоғары.

Әлеуметтік мәселе де тасада қалмайды.  Былтыр 8 аула абаттандырылыпты.  3 балалар алаңқайы іске қосылған.  Тұрғындарды жұмыспен қамтуға да баса назар аударылуда.

Қайрат ҚАМЗИН, Приозерск қаласының әкімі:

-Еңбекпен қамтылғандар саны былтыр 1057 адамды құрады. Оның 630-ы тұрақты жұмыспен қамтылған.  Жастарға да зор көңіл бөлініп, қысқа мерзімді курсқа 63 адам оқытылды. 

Қалада медициналық кадр тапшы. Сондықтан  бұл бағытта да жұмыс жүйелі. Былтыр 2 медициналық қызметкер баспанамен қамтылған . Биыл тағы 6 маманға үй беру жоспарда бар.

Қайрат ҚАМЗИН, Приозерск қаласының әкімі:

-Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп медицина мамандары күні қарсаңында 6 жас маманға баспана береміз.  Олар Қарағанды медицина университетінің түлектері. Қазір келісім жасасып қойдық.

Сондай-ақ, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық инфрақұрылымы бар 5 қабатты үй салынбақ.  Нәтижесінде 6 бірдей көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады.

Сәния ОРНЫБАСАР

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар