Шахан кентіндегі апаттан зардап шеккен тұрғындардың ешқайсысы да назардан тыс қалмады

Қамкөңіл отбасыларға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жомарт жандар көмек көрсетуде. Жөнелтіліп жатқан азық түлік пен тұрмыстық заттардың санында есеп жоқ. Еріктілер де барынша жәрдемдесіп жатыр

19:27, 10 қаңтар 2017   79

Қайырымдылық қорына алғаш рет екі мың теңге түскен еді. Бүгінгі күні қаржының  көлемі 42 миллионға жетті. Жекеменшік компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдарда қолдау танытуда. Бір ғана «Цеснабанктен» 25 миллион теңге бөлінген. Ал он бір миллион ақша Қостанай облысының мемлекеттік қызметкерлер есебінен түскен. ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары да қарайласып, қаржы аударып жатыр. 

Он екі миллион теңгені қарағандылық мемлекеттік қызметкерлер жинап бермек. Қайырлы шараға барлық әкімдік қызметкерлері мен басқарма мамандары көмектеспек ниетте. Қарағанды қаласы қоғамдық кеңес өкілдері де құптап отыр. Түйткілдерді таразылайтын тарап материалдық тұрғыдан атсалыспақ.

Еліміздің әр аймағынан тұрғындарға гуманитарлық көмек лег-легімен келіп жатыр. Шахан кентіне алты тонна азық түлік пен тұрмыстық заттар әкелінді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25