СЕРВИСТІК ПОЛИЦИЯ ПАЙДА БОЛАДЫ

16:53, 28 қараша 2019

SMART технологиясын енді қарағанды облысындағы полицейлер қолданбақ. Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсіл тұжырымдамасы әзірленуде

Қарағанды облысында сервистік полиция пайда болады. Бұл өңірдегі полицияның жұмыс принципін өзгертетін пилоттық жоба.  Дамыған елдер тың жүйе ондаған жылдар бойы қолданып келеді. Құрылымы өз тиімділігін дәлелдеді және енді оны елімізде де қолданады.     

Дьердь САБО, ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы / Нұр-Сұлтан қаласы/:

-Венгрияда бұл жұмыс жүйесі 20 жылдан бері сәтті жүзеге асып келеді. Бізге қызмет етіп  қорғау қойған мақсатқа қол жеткізіп, негізгі нәтижеге жету үшін сапалы да жедел жұмыс жасау  керек.

Сервистік полицияның негізгі принципі қол жетімділік, ашықтық әрі нақтылық. Жұмыс жемісті де жеңісті болу үшін  тәртіп сақшыларына тұрғындар көмегі қажет. Жоба аясында әкімдік жанынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ құрылады. Оның негізгі мақсаты - проблемаларды тез шешу болып табылады. 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Бұл іс-шара Елбасы мен Мемлекет басшысының полиция мен қоғам арасында әріптестік қарым-қатынас құру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Әкімдік тарапынан жобаға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Біз үшін бұл ЕҚЫҰ тарапынан үлкен сенім білдірілуінің белгісі. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық тәжірибені енгізуге мүмкіндік алдық.

Алексей КАЛАЙЧИДИ, ҚР ІІМ Министрінің орынбасары:

-Бұл осы жылы бірлесіп іске асырып жатқан алғашқы жоба емес.  Тың бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың үш жақты жоспары және қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту. Біз оларды мамыр айында таныстырдық, ал қыркүйек айында алғашқы жария есеп бердік. Қазір  ең маңызды жобаны таныстырамыз. Оның табыстылығы көбінесе елдегі құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесінің дамуын және қоғамдағы қақтығыстардың төмендеуін анықтайды.

Пилоттық жобаны жүзеге асыруға Қарағанды облысы тегін таңдалмаған.  Бейнебақылау, дабыл қаққыш жүйесі, фронт-кеңселер тәрізді жаңа құралдарды қолдану көзделіп отыр. Мұның барлығы облыста бар. Сондай-ақ, мобильдік қосымшалар, сайттар мен форумдар ашу сияқты  ақпараттық технологиялар пайдалану діттелген.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар