Сенсациялық жаңалық

17:23, 17 тамыз 2016

Сарыарқа даласынан қола дәуіріне жататын ежелгі пирамида табылды. Қарағандылық экспидиция күні кеше бірнеше қыш ыдыстарынан бөлек, адам қаңқасын да тапты

Шет ауданы, Талды ауылы аумағынан табылған тарихи археологиялық олжа - б.з.д. 15-10 ғғ.қамтитын Беғазы-Дәндібай мәдениеті кезеңіндегі айрықша сатылы мавзолей деген болжам жасап отыр, ғалымдар.Бұл ғимараттың сырт пішіні дәл сол тарихи кезеңмен тұспа-тұс келетін әйгілі Мысыр пирамидаларына, әсіресе, Джосер перғауынның сатылы пирамидасына қатты ұқсайтынын айтады тарихшылар. Археологиялық экспедиция қазба жұмыстарын жүргізу барысында  жеті қабат қоршалған дала пирамидасынанбірнеше қыш ыдыстар мен қола қанжардыда тапқан.Қара жердің астынан шыққан қыш ыдыстарымен қола жәдігерлер өз қалыптарын жоғалтпаған. Ал, табылған адам қаңқасына қарап шамамен 3 мың жыл бұрын өмір сүрген адам болуы мүмкін деп жорамал жасалуда.Алайда әлі де тыңғылықты зерттеуді қажет ететінін жасырмайды экспедиция мүшелері. Бір қызығы, адам көлемі бар болғаны бір шаршы метр жерден төмен жерленген. Осыған қарағанда, мәйіт отырғызылып, не болмаса бүге жатқызылып жерленген болуы ықтимал.  Ғалымдар дала пирамидасының монументалды құрылымына қарап, мавзолейдің Сарыарқа даласында бұдан 3 мыңнан астам жыл бұрын, жергілікті ұлы тайпалардың бірінің  қағаны немесе ел билеушісіне арнап салынған болуы мүмкін деп топшалауда. Бұдан бөлек, облыстық мәдениет құжаттама және мұрағат басқармасымен Сарыарқа археологиялық институтының экспидиция құрамы бірлесе жасап жатқан жұмыстар аясында ондаған қола бұйымдар қазылып алынған.Мавзолейдің негізгі бөлігін зерттеу жұмыстары осы жылдың маусым айында басталса, алдағы уақытта табылған адам қаңқасын толықтай зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Ал, мамандар, археологиялық қазба алаңын қалыпқа келтіріп, «Экспо 2017» көрмесі қарсаңында шетелдіктердің назарына ұсынуды жоспарлауда. Алайда археологтарқаржы мәселесітуындайтындарын да жасырмайды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар