СЕНАТОРЛАРДЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

16:49, 25 қыркүйек 2020

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары экономикалық саясат, инновациялық даму, кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысын өткізді. Жиында, Қарағанды өңірінің әкономикалық-әлеуметтік дамуы бойынша сегіз айдың қорытынды жасалды. Кәсіпкерлік саласындағы өзекті сұрақтар қаралып, ұсыныстар жасалды

Көшпелі отырыста алдымен облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің аймақтың даму көрсеткіштерін баяндады. Экономиканың 50 пайызы өнеркәсіпке тиесілі.  Айтуынша осыған дейінгі карантиндік шектеулерге қарамастан әр салада өсім бар. 88 мың жұмыс жасап тұрған бизнес субьектісі бар өңірде 2,5 мыңға жуық ШОБ жобасы іске асып, 8 мың жаңа жұмыс орыны ашылған.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Экономиканың әр саласында оң динамика байқалады. 
Сондай-ақ, облысымыдың дәнді дақылдары өнімі  бірнеше пайызға артқан. Әсіресе картоп, көкөніс, сүт тауарларының  өндірісі ұлғайған. Көшпелі отырыста «Қарағанды- Теміртау-Жезқазған»газ құбырын тарту жұмыстары да қарқынды жүріп жатқаны айтылды. Өңірде таза ауызсмен қамтуда жемісті 95 жоба қолға алынған. Ол үшін 17 миллиард теңге қарастырылған. Нәтижесінде, 380 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілуде.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Аулы шаруашылығында да өсім бар.

Жиын барысында өңірдегі кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелері кеңінен қаралып, бизнес өкілдері көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Оның ішінде, жер кодексі, салық саласының сан алуан мәселелері қамтылды.  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары ШОБ-ке кері әсер тигізетін жайттарды негізге ала отырып, қажет болса ұсыныстардың ұтымды тұстарын кодекске енгізу жағын қарастырмақ.
Әлімжан ҚҰРТАЕВ,  ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Жер кодексі, салық саласына қатысты сұрақтар қараусыз қалмайды.
Сенат депутаттарының көшпелі отырысында облысымыздағы білім, тұрғын үй саласындағы сан алуан жұмыстар да баяндалды. Жұмыспен қамтудың жол картасы мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуындағы жемісті жобалар тізбектелді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар