СӘЙГҮЛІКТЕР САЙЫСЫ

16:57, 10 шілде 2018

Ең жылдам, ең ақылды және ең батыл. Қарағандыда ат спорты бойынша жарыстар өтті. Оған Қазақстанның бірнеше қаласынан кәсіби және әуесқой ат бапкерлері сәйгүліктерін баптап, жарысқа қосты

Қарағандыда ат спорты бойынша өткен жарыста Қазақстанның түрлі  аймақтарынан 20 атбегі өз арғымақтарын сынады. Сайысқа  ат спортына енді еліктеп жүрген балалар мен ересектер және  кәсіби мамандар қатысты.  Бұл спорт шарасын Қарағандыдағы «Карат» және Қазақстанның ат спорты федерациясының облыстық филиалы ұйымдастырыпты. 

Ержан МАҒЖАЕВ, «Тұлпар» ат  спорты  клубының бапкері:

-Бұл шараны өткізу дәстүрге айналған. Ат адамның қанаты дегенді үнемі есімізде сақтап, бабалар дәстүрін жалғастырудамыз. Сәйгүліктер сайысы тартысты өтті.

Сәйгүліктер жарысы екі күнге жалғасты. Алғашқыда, балалар ат үстіне дұрыс отыру, тақымын мықтап ұстау, мәнерлеп жүру сияқты өз дарыны мен қарымын байқатты. Ал, екінші күні олар кәсіби шеберліктерін көрсетіп бақты. Қатысушылар арасында ат  спортының білікті мамандары мен алғашқы қатысушылар да бар көрінеді.

Қатысушылар арасында Алматы жоғары  ат спорты шеберлік мектебінің өкілі Александр Тишков та бар. Шабандоз және оның Норд Локсли атты тұлпары 12-ден астам кедергілерден секіруіне тура келді. Бұл бөгеттердің биіктігі 140 сантиметрге жетеді екен. Нәтижесінде ол екінші орынға ие болды.

Александр ТИШКОВ, сайысқа қатысушы:

- Мен, өз шеберлігімді төртке бағалаймын. Одан да жоғары көрсеткішке қол жеткізуге болар еді. Мен екінші орын алдым. Бір секундтай уақытты жоғалттым. Тереңдеу болды, жер құмдақ болды. Осыны ескермеппін.

Бірінші жүлделі орын, астаналық «Тұлпар» ат  спорт клубының өкілі Аян Ғаниге бұйырды. Бір айта кетерлігі, сайыс рейтингтік  көрсеткіш  арқылы бағаланды. Жеңімпаздар алған орындарына қарамастан ұпай жинау арқылы ғана арнайы жүлделі орынға  қол жеткізе алды.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

- Бүгін, мықтылар жеңді. Жеңімпаздар үшін бұл алғашқы кезең. Келешекте олар біздің қалаға  ғана емес бүкіл республикаға танымал болады.Баршаларыңызды осыңау игілікті шарамен құттықтаймын. Бұл ат спортын дамытуға өз септігін тигізері сөзсіз. 

Валерия НЕФЁДОВА,  «Карат» ЖШС  директоры:

-Біздің клубта жұмыс істейтін  қыздар мен жігіттердің барлығы  аттарды жақсы көреді. Олар таңертеннең кешке дейін аттарды баптап, күтумен айналысады.Менің сіздерге деген құрметім шексіз

Барлық қатысушыларға кубоктар табысталып, арнайы медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаздарға  бағалы сыйлықтар да  берілді. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда бұл шара  дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...