СӘБИЛЕР КЕЛДІ ӨМІРГЕ

14:53, 10 маусым 2019

Қарағанды қаласында тағы да үшем дүниеге келді. Шаңыраққа ерекше шаттық сыйлайтын мұндай сәттер өмірде сирек кездеседі

Салмақтары екі келіге жетпейтін екі ұл, бір қыз перзентханада 24 күн жатты. Дәрігерлер сәбилердің өмірлерімен арпалысып, қолдан келгеннің барлығын жасаған. Олар небары отыз үш апталығында дүиеге келген.

Гүлмира БАЙДУАНОВА, акушер – гинеколог:

-Түскен кезде толғақпен түсті. Жатыр мойынының ашылуы болғандықтан, кесерево тілігі арқылы балаларды алып шықьық. Мезгілінен бұрын болды. Сондықтан бала дәрігерлері аппаратқа салды. Дәрілер салып, балалардың өмірін алып қалды деп айтуға болады.

Туған кезде нәрестелердің өкпелері ашылмай дем алмаған. 33-34 апталықта тыныс алу кезеңі ана құрсағында дамуы тиіс еді. Сондықтан дәрігерлер жасанды түрде үшемді аппарат құрылғысына жатқызған. 

Сәндігүл МҰРСАЛБЕКОВА, балалар медбикесі:

-Бізге бұл балалар реанимациядан түсті. Тұрақты жағдайда болды. Бірақ тамақтануы зонт арқылы. Одан кейін ғана зонттан бутылкаға үйрете бастадық жайлап.

Ал, үшемдің анасы Мереке Қожахметова бүгін алты баланың анасы атанып, көп балалы отбасы қатарына қосылды. Үлкен ұлы он жаста, екінішісі сегізде және кішкентайы бес жаста екен.  Ораза айында дүниеге келген мына сәбилерінің аттарын да отағасы өзгеше қылып қойған. Үлкені Атхар, екінші ұлдың есімі Инаят болса, кішкентей 1 келі 400 грамм болып туылған ханшайымға Ағзама деген ерекше есім беріліпті.

Мереке ҚОЖАХМЕТОВА, үшемнің анасы:

-Екі ұл, бір қызым бар. Енді екі ұл бір қызым  ораза айында дүниеге келді. Алты баланың анасы болдым. Өте қуаныштымын. Бақытты анамын, бақытты әйелмін.Қазақстанның санын көбейтіп жатырмыз ойда жоқта.

31 жасында алты баланың анасы атанған Мереке болашақта да нәрестелі болатынына сенеді.  Бүгін перзентханада 24 күн жатқан сәбилер үйлеріне  шығады. Оларды күтіп алуға келген туыстарының қуанышында шек жоқ.  

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар