САЯТШЫЛЫҚ – БЕКЗАДА ӨНЕР

12:58, 5 наурыз 2020

Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған бейнематериалдар топтамасын жалғастырамыз.Қарағанды қаласының Сұрыптау кентінде Анна Захарова есімді саятшы қыз тұрады.Он жеті жасар қыздың ұлты орыс болсада, бекзада өнерге қатты қызығушылықпен қарайды.Көп қабатты үйде тұрсада, далада құмайжүгіртіп, жеті қазынаны дәріптеу оған еш кедергі келтірмейді

Сұрыптау кентінің тұрғыны Анна Захарова  құмайды құр мақтан үшін ұстамайды.Қайта қаршадай қыз қазақтың саятшылық саф өнерге шынайы жанашырлықпен қарайды.Тазы бабтап, жүгіртудің - ұлт талғамайтынын ол жақсы түсінеді.Ал мына «Джек» атты итті  оған достары сыйлаған. 

Анна ЗАХАРОВА, аңшы:

-Менің тазымды құдды бір алтын қазынам ретінде санаймын.Бір жағынан өзім үшін  ит ерту  ұлттық спорттың бір түрі.  Қазақтар  құмайды  тегін ұстамаған.Ашаршылық жылдары  құмай бүтін бір ауылды асыраған.

Айтағына еріп,айтқанын бұлжытпай орындайтын таза қанды құмайды Анна аңғада ауыздандырған.Жүйрік құмай жазықтан қоянмен қарсақты қағып түсіреді.Бүгінде саятшы арудың  иті халықаралық, республикалық жарыстарда топ жарып жүр.Жақында ғана оның құмай тазысы Ақтоғай ауданын қарасты Шашубай кентінде өткен ашық біріншілікте бірінші орынды еншілеген.Тілі  бөлек болсада, бекзада өнерге деген  тілегі бір қырағы қыз - ұстазы Рамазан Усеевтің ақыл-кеңесіне үнемі жүгініп тұратынын айтады.

Рамазан УСЕЕВ, саятшы:

-Ешкімді жатсынбайды. Ерекше бала.Тазыға өте құмар. Өзіміздің қазақтың балалары секілді.

Жеті қазына дәріптеп жүрген бойжеткеннің бойындағы саятшылық қырын  жәй ғана хобби емес, екені сырт көзге  анық аңғарылады. Өйткені үстіне киген оқалы шапанмен басындағы тымақ ұлттық сипатымызды айқындап, тал бойына жарасып –ақ тұр.Келешекте аңшы қыз құмай тазыны көптеп асырауды көздеп отыр.Ал он бірінші сынып оқушысы  болашақта медицина саласының маманы болуды армандайды.  Бос уақытында ол фортепиана ойнғанды ұнатады.Ұлттық өнерімізді ұлықтауға сал-серілермен қатар қапталдасып атсалып жүрген ол, бұл ісі ермек емес,жан қалауы –дейді, саятшы ару.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар