САЯБАҚТАҒЫ ТЕРЕКТЕР

17:04, 13 наурыз 2019

Қарағандыдағы орталық саябақта салынып жатқан ғимаратқа қатысты дау туды. Қаза болған кеншілер құрметіне арналған ескерткіш маңындағы жүздеген теректер қоршалып қойған. Енді қала тұрғындары ондағы жасыл желектердің тамырына балта шабылама деп алаңдайды

Ақ қайыңмен ажары кіріп, қарағаймен жайқалып тұратын орталық саябақтағы мына  құрлыс бірдене сездіретіндей. Бірден дабыл қаққан Ирина, жасыл желектің тамырына балта шабылудан сақтап қалғысы келеді.

Ирина АРНАУТОВА, қала тұрғыны:

-Біздің саябақ үшін жаным ауырады. Біреу жауапкершілік алуы керекқой. Неге салмақ болған құрылысын саябақтың ортасында салмақ?

Салынып жатқан құрылыс теннис корты болады деген ақпарат бар. Жоба бойынша 7 зал, ғимарат ішінде, 3-і алаңда болады. Мұндай «спорт» құрылысының жалпы алаңы 10 мың шаршы метр жерді алады.Ал, алаңдаушылық білдірген жұртпен қала әкімі кездесті.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Дәл қазір құрылысқа рұқсат берілген жоқ. Ол заң жүзінде қабылдануы керек.Яғни экологияға қатысты сұрақтармен қоғамдық тыңдалым өтуі тиіс. Мен бірден айтайын, ағаштар шабылмайды. Тек басқа жерге қайта отырғызылады.

Максим БЛАЖИЕВСКИЙ, «ЮТЭКС» ЖШС бас инженері:

-Тапсырыс беруші теннис федерациясы. Ал, казЦинк компаниясы қаржы құйып отыр. Бұл қалаға сыйлық болады.

Компания өкілдеріне теректерді тамырымен жұлуға рұқсат берілмеген. Сондықтан жұмыс тек қоршаумен шектеліп тұр.

Ксения БЕЗКОРОВАЙНАЯ, мәдениет және саябақтар басқармасының баспасөз хатшысы:

-Елде теннис спортына көп көңіл бөлінуде. Президент тапсырмасына сай Петропавл мен Ақтөбеде де екі корт салынған.Биыл қарағандыда да салынады, тек едәуір үлкен болады.

Құрылысқа 2.2 миллиард теңге құйылған. Қазір осы іске қатысты экологтарда өз зерттеуін жүргізуде.

Дмитрий КАЛМЫКОВ, эколог:

-Бәрі заңды болуы тиіс. Бірінші жоба, кейін сараптама дегендей.  Сосын қоғамдық тыңдалым өту керек. Кейін экологиялық рұқсаттама беріледі.  Мұнда мұның бірі жоқ, бірақ қоршап қойыпты. Мен тек заңды болғанын қалаймын.

Ал, құрылыс биыл күзде толық аяқталады деген жоспар бар.Тек алдымен қоғамдық тыңдалым өткізіледі, себебі құрылысқа әлі де рұқсат берілмеген.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар