САУМАЛ ІШСЕҢ - САУЫҒАСЫҢ!

12:17, 24 маусым 2020

Бие сүті мың да бір дертке шипа.Қарағанды қаласындағы «Тұлпар» кардио оңалту орталығы науқастарды саумал терапиясымен емдеуде.Медициналық мекемеде жүрек - қан тамырлары және травматологиялық дертке шалдыққан адамдар ем-дом қабылдайды.Ал орталықтың құрылтайшысы Қадырбек Мейрамбеков ұлттық сусын қауіпті індетке қарсы иммунитетті күшейтіп,адам ағзасы тигізер пйадасы мол екенін айтады

«Тұлпар» кардиооңалту орталығы былтыр тамыз айында жұмысын бастаған болатын.Ал биыл заманауи медициналық мекеме саумалмен емдеу терапиясын қолданысқа енгізді.Қазақтың ұлттық сусынының қадірін біліп, оны шетелдік нарыққа шығарып, брендке айндалдырған атымтай азаматтың бірі Қадырбек Мейрамбеков.Оңалту орталығының құрылтайшысы  бие сүті әсіресе иммунитетті сақтаумен қатар, бауыр, онкологиялық кеселге  шалдыққан науқастарға таптырмас теңдессіз шипа екенін айтады.

Қадырбек МЕЙРАМБЕКОВ, «Тұлпар» кардиооңалту орталығының құрылтайшысы:

Кардиореабилитациялық орталық 80 адамға шақталған.Мұнда  жүрек-қантамыр жүйесі аурулары мен  травматологиялық дертке шалдыққан адамдар он төрт күн бойы ем-дом қабылдайды.Оңалту орталығына  әрбір пациенттер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы жүгінуіне әбден болады.Ал Виктор Тереховқа  жүрек талмасы диагнозы қойылған.Емделуші күнделікті үзбей саумал ішкеннің арқасында денсаулығы әжептәуір жақсарып қалғанын айтады.

Виктор ТЕРЕХОВ, емделуші:

- Бие сүті мыңда бір ауруға ем.Ағзамның кәдімгідей  әлденгенін байқадым.Бұрынғыдай өзімді әлсіздік айықтым. Бір сөзбен айтқанда  қимылым ширап, сергек сезіне бастадым.

Стандартқа сай медициналық мекеме Англияның соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарымен түгелдей қамтамасыз етілген.Оңтайлы орындағы жаттығу залында науқастар ойы мен бойын сергіте алады.Тіпті реабилитациялық орталықта көміртекті ванна, электро емдеу және физиотерапия бөлімдері бар.Заманауи аппараттардың көмегімен  халыққа еш кедергісіз,сапалы медициналық қызмет көрсетіледі.Бұл жерде кардиолог, реаблитолог,  эндокринолог және ульртра дыбыстық зерттеу аппаратының білікті дәрігерлер жұмыс істейді.

Баян ЕКІЖАНОВА, «Тұлпар» кардиооңалту орталығының директоры:

- Біз миокард инфаркты мен кардиохирургиялық ота жасатқан адамдарға көмек көрсетеміз. Менің пікірімше дәл қазіргідей індет- дендеп тұрған сәтте саумал терапиясын дамыту әсте маңызды.Болашақта  Қадырбек Қақуұлымен бірлесіп жұмыс жасап, науқастарға арналған бөлім ашу жоспарда бар.Ол кісі  медициналық жобаларға    үнемі  қолдау көрсетеді.

Келешекте оңалту орталығы қосымша 40 орынға ұлғайтылмақ. Естеріңізге салайық, инвестор  Қадырбек Мейрамбеков жақында  3,5 мың тоннадан астам құрғақ түйе сүтін Қытайға экспорттаған болатын.Енді алдағы уақытта  кәсіпкер бие  сүтін отандық  нарықтың игілігіне кенелтіп ғана қоймай, аспан асты еліне  шығаруға бел байлап отыр.Демек қазақтың қасиетті саумалы - әлемдік тауар айналымына түсетін күн жақын болса керек.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар