САУДА ОРЫНЫ АШЫЛДЫ

17:30, 12 тамыз 2019

Қарағанды бюджетінің жартысынан көбін шағын және орта бизнес өкілдері салатын салық құрайды. Сондықтан сауда орталықтарының ашылуы бюджетке пайдасын тигізіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да оң ықпал етеді. Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары "Казмарт" жиһаз дүкенінің ашылуында болып, қызмет көрсету сапасына өзіндік бағасын берді

Шамамен 15 мың шаршы метр жерді алып жатқан жаңа сауда орталығында үйге қажетті тұрмыстық заттардың бәрі бар. Бұл қала тұрғындарына бәсекелестік ортада сапасы жоғары, бағасы төмен қажетті дүниені таңдап, уақыт пен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Халық қалаулылары орталықтың ашылуына арнайы келді.

Құдайберген БЕКСҰЛТАН, Қарағанды қалалық мәслихаттың хатшысы:

-Біздің елде 22 қалада осындай 26 СО бар. Енді осы орталықтар халыққа қызмет етіп, бізге сапалы тауар ұсынып отыр. Бұл құптарлық шара.

Жақсылық ШАЛАБЕКОВ, Қарағанды қаласы әкімінің міндетін атқарушы:

-Мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауының арқасында осындай СО салынып отыр. Осы орталықтың ашылуы арқылы 150 адам жұмыспен қамтылды. Және 1 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл салыққа да ақша түседі деген сөз.

Мұндағы өнімдер барлық халықаралық талаптарға жауап береді. Саудада Қазақстаннан өзге Ресей, Украина, Болгария тіпті Италиялық жиһаздар да бар. Осыған дейін елдің бірқатар өңірінде ашылып, халық сұранысына ие болған орталыққа енді қарағандылықтар да келіп, замануи үй қажеттілігін сатып ала алады.  

Бейбіт ДОСЖАНОВ, қалалық мәслихаттың депутаты, «Строймарт» дүкендер жүйесінің бас директоры:

-Менің ойымша құрбан айт қарсаңында бұл сауда орталығының ашылуы сәтті қадам болды деп есептеймін. Мен қайырымдылық жасаған сайын ол, жаратушы тарапынан еселеп қайтарына сенемін. Сондықтан мен осы жолды таңдаған адаммын.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар