«САРЫАРҚАДА» ЖАҢА ОЙЫНШЫЛАР

17:05, 26 маусым 2020

Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубының қатары жаңа ойыншылармен толықты. Енді кеншілер командасы мұз айдынындағы бәсекелерде Иван Крылов қорғаушылық ететін болады

Шебер қорғаушы кеншілер командасына дейін, Тольятти қаласының «Лада» клубында ойнаған.Бірақ старттық құрамда орын алу үшін Иван Крыловқа бәсекелестік өте маңызды. Ал «Сарыарқаның" тағы бір жаңа ойыншысы Роман Достанко.Ол бұған дейін Минскінің  "Динамо"командасында өнер көрсеткен.

Бұдан бөлек қарағандылық клубтың қатары бірқатар хоккей саңлақтарымен толықты. Олардың арасында Мадс Эллер,ұлттық хоккей лигасының жұлдызы Ларс Эллер және Александр Щербина мен кәсіби  шабуылшы Талғат Жайлауовтар  бар. Сонымен қатар кеншілер командасының  жаттықтырушылар штабында да өзгерістер болды. Енді клубтың бас бапкері міндетін  Руслан Сүлейменов атқарады.Ол бұрын Немтекамскінің «Торос» командасына екі мәрте «Петров» кубогын алып бергенімен белгілі.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар