«САРЫАРҚА» ХК ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

14:37, 13 қаңтар 2021

Жерлестеріміз жеңіске жетті. «Сарыарқа» хоккей клубы петропавлдық «Құлагерден» басым түсті

«Сарыарқалықтар» өз алаңында сәтті ойын өткізді. Алаң иелері қарсыластың қақапасына көбірек соққы жасап, алғаш болып есеп ашты. Дегенмен, «Құлагер» клубының ойыншылары да осалдық танытпай, есепті теңестірді. Екінші мен үшінші кезең де тартысты өтті. «Сарыарқа» қанша жерден әдемі ойын өрнегін көрсетіп, шайба соқса да петропавлдық ұжым уақыт созбай есепті теңестіріп отырды. Ойынның негізгі уақыты 3-3 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады. Жерлестеріміз тек буллит сериясында ғана жеңіске жетті.

Евгений ПОПИТИЧ, «Құлагер» ХК шабуылшысы:

- Бапкердің бар айтқанын орындадық. Бірақ, сәттілік жетіспеді. Булит дегеніміз лоторея секілді. Қазір демалып алып, келесі ойынға дайындалуымыз керек.

Владислав РЫБАКОВ, «Сарыарқа» ХК шабуылшысы:

- Шайба салатын көп мүмкіндік болды. Бірақ, соға алмадық. Үшінші кезкте шайба соқтық. Есепте алға шықты. Дегенмен, соңына қарай тең болып қалдық. Қайта булитте басым түстік. 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар