«Сарыарқа» халықаралық әуе жайында жаңа, әуе бағыты ашылды

16:35, 16 наурыз 2017

Енді қарағандылықтар әлемнің ең әсем де әдемі жерлеріне жылдам жете алады.Түркияның Ыстамбұл қаласына тікелей әуе рейсі қатынайды

«Сарыарқа» әуежайы Мәскеу, Новосібір, Санкт-петербор, Минск, Анталия бағытына халықты тұрақты тасымалдаумен айналысады.Енді міне, Туркияның мәдени-сауда, және өнеркәсіп орталығының бас қаласы Ыстамбұлға әуе кемесі арқылы ұшуға қол жеткізілді.Оны ашу жолаушылардың талап-тілегінен туындаған.

Маржан Мұстафина  әуекомпания өкілі

Бұл қарағандылықтармен, қала қонақтарына өте қуанышты жағыдай. Оларға,әлемнің кез-келген нүктесіне әуе қатынасы арқылы жетуге мүмкіндік туды. Біз жолаушыларға ұшу үшін қолайлы жағыдай жасаудамыз.

Бұл әуе-тасымалының  ашылуы көліктік логистиканы дамыта отырып,  транзиттік мүмкіндікті арттырады. Ата-түрік әуе-жайына ұшып келген жолаушылаар бірден Еуропа мемлекеттеріне, атап айтсақ, Париж, Лондон, Амстердам, Стокгольм, Гамбург, Цюрих және басқа да қалаларға одан әрі ұшуға мүмкіндік береді.

Сәбит Оспанов  Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары

Өздеріңізге белгілі Қазақстан мен Туркия арасындағы қарым-қатынас одан әрі нығая түсуде.Келешекте бұл байланысты одан әрі арттыру үшін,Қарағанды аймағымен -, Мәдени –тарихи өнеркәсіп орталығы Ыстамбұлмен арадағы байланыс қарқындай түседі деп толық сеніммен айта аламын.

Жолаушылар, А-320 әуе ұшағы арқылы аптасына екі рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері  Стамбұлға ұша алады. Ал, ол жақтан сәрсенбі және жексенбі күндері елге қайта оралуға болады. Ұшу уақыты-5 сағат.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...