САРЫАРҚА БАТЫРЛАРЫ

15:26, 16 сәуір 2019

Қарағанды облысында ересектер арасында қазақ күресінен екі күндік чемпионат басталды. «Сарыарқа батырлары» деп аталған дода жауырыны жерге тимеген Қарағандылық палуандардың құрметіне, сондай-ақ кенді өлкенің 85-жылдығына арналған. Оған ел көлемінен екі жүзге жуық спортшы келді

«Сарыарқа батырлары» жобасы «Қазақстан барысының» Қарағанды облысындағы аналогы іспеттес. Ересектер арасындағы жарысқа елдің барлық облыстары мен қалаларынан 200-ге жуық спортшы қатысып отыр. Барлығының мақсаты біреу - ол топтан оза шығып, бас бәйгеге ие болу.

Нұрсұлтан ПАПАУ,  Маңғыстау облысынан келген палуан:

-Бүгінгі жарысқа дайындық жақсы, Алматы қаласында, Бакуде өткен жарыста дайындалып келдік. Бүгін жақсылап күресеміз. Қарсыластар мықты, енді боз кілем көрсетеді кім мықты екенін.

Жарыстың бас төрешісі, қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қапар Рауанов Қарағанды облысында ұлттық спорттың дамуына жақсы баға беріп отыр. Бүгінгі Қарағанды қаласының 85 жылдығына арналған жарыс осының дәлелі - дейді ол. Ал, 3 дүркін қазақстан барысы атанған Бейбіт Ыстыбаев осындай жарыстарды жер-жерде көбейту керек екенін еске салады.

Қапар РАУАНОВ, жарыстың бас төрешісі Алматы облысы:

-Қарағанды облысында бұрыннан келе жатқан Байшолақовтар шыққан жер. Мұнда қазақ күресінен өте жоғары деңгейде дайындалып жатқан палуандар бар.

Бейбіт ЫСТЫБАЕВ, 3 дүркін Қазақстан барысы:

-Қазақ күресінен Шымкент қаласында Қажымұқан бабамыздың атындағы турнир бар, Қазақстан барысынан кейін 2- ші орында турған. 15 жыл болды өтіп келеді. Бізге осындай турнирлі көбейту керек.

Айта кеткен жөн, жарыс 2 күнге созылады. Ал, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен қатар, медалдермен марапатталады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар