САРЫАРҚА – 2019

16:37, 12 шілде 2019

Бүгін Абай ауданында 33-ші жазғы облыстық «Сарыарқа -2019» спартакиадасы басталды. Оған облыстың 9 ауданы мен ауылдарынан спортшылар қатысады. Жарыс 12-13 шілде аралығында спорттың 11 түрінен өтеді

«Сарыарқа» спортакиадасы осымен 33-ші мәрте жалауын желбіретіп, алауын жағып отырған жәйі бар. Осы жылдар ішінде аудан мен ауыл жастарының ерекше ықыласпен күтетін додасына айналғаны даусыз. Өткен жылы Нұра ауданында басталған жарыста Абай ауданы топ жарған. Жалпы жарыс қашанда тартысты болған.

Дархан ЕСМАҒАМБЕТОВ, жарысқа қатысушы /Осакаров ауданы/:

- Қазір қазақ күресі жақсы дамып келеді. Біз жылда үздік үштікке ілніп келеміз. Биыл жақсы нәтиже көрсетеміз деген ойдамын.

Жасұлан РАХМЕТОВ,  жарысқа қатысушы /Абай ауданы/:

-Абай ауданы неше жылдан бері бас жүлдені бермей келеді биылда жоғары орыннан көріну жоспары бар. Өз жерімізде өтіп жатыр, сондықтан бірінші орын алуға тырысамыз.

Жарыстың тек аудан мен ауыл арасында ғана өтуінің зор мәні бар. Ол ауыл жастары ішінде талантты спортшыларды іріктеп алуға септеседі. Осы спортакиада арқасында қазір әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген бірқатар спортшылар шыққан.

Қайрат АБДУЛЛАЕВ, жарыстың бас төрешісі:

-Осы жарыста біз бар мықтыларды іріктеп, облыстық команда құрамыз. Жақсы күрескенді республикалық жарыстарға шақырамыз. Басты мақсаты осы.

Бауржан АСАНОВ, Абай ауданының әкімі:

-Біздің болашағымыз СӨС,осы тұрғыда бұқаралық спорттың орныны ерекше. Дені сау ұлт -ел болашағының негізі. Үлкен жеңістер қашанда кішкентайдан басталады. Бүгінгі дод сендердің үлкен жеңістеріңнінң бастауы болсын.

Бұрын Абай ауданында Облыстық Спартакиада екі рет өткен. Яғни,осыған дейін  1997  және 2006 жылдары спортшыларды қабылдаған. Биылғы жарысқа бірқатар алаңдар ұсынылып отыр. Соның ішінде биыл ғана ашылған бірқатар спорт нысандары да бар.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар