САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

15:43, 8 қараша 2018

Облыс орталығында еліміздің Қарулы күштері қатарына жаңадан шақырылған өрендерді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Осылайша, өңірден іріктеп алынған сайдың тасындай 20 ұлан әуе қорғанысы бөлімшелеріне отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Аталған шараға Қорғаныс саласының ардагерлері мен сарбаздардың туыстары қатысып, сайыпқырандарға қырағылық пен сәттілік тіледі.

Саналы түрде сарбаз атануға қадам басқан бұл өрендер   алдын ала іріктеуден өткендер. Медициналық комиссия олардың денсаулығымен қоса психикалық жағдайын да тексерді. Тепсе темір үзетін азаматтар Алматы қаласының әуе қорғанысында  борыштарын өтейді.  24 жастағы Асылан Әбеновте әскер қатарына алынғандардың бірі. Ұшқыш болуды армандаған ол отан алдындағы борышын атқарғаннан кейін, келісімшарт бойынша қызметін жалғастыруды көздейді.

Асылан ӘБЕНОВ,  жас сарбаз:

-Отан алдындағы міндетті абыроймен қорғаймын. Бабаларымыз аманат еткен жерімізді қорғау парызымыз.
Облыс орталығындағы мәңгілік алау саябағына  жас сарбаздарды шығарып салуға туыстары да жиналды. Барлығының тілегі ұлдарының абыройы мен амандығы. Салтанатты шарада сөз алған обылстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Қайрат Әбішев  әскер қатарына алынуға ниетті жастардың саны артып отырғанын айтады.

Қайрат ӘБІШЕВ,   Қарағанды облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

-Бұл жастар 50 адамның ішінен іріктеп алынған 20 сарбаз. Осыған дейін арнайы жаттығудан өткендер. Кеше ғана мандаттық комиссия олардың толықтай жарамды екенін растады.
Ел тыныштығын күзетуге бел байлаған жастарды ақ жол тілеп аттандыру игі дәстүр. Әскерге аттанғалы отырған сарбаздардың барлығы дерлік сайдың тасындай іріктелген жас өрендер.  Оларға сәттілік тілеуге облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшылығы да арнайы келді.

Мирас ҚҰТТЫБАЙ,  облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:

-Бүгінгі шараның негізгі мақсаты-жастарды патриоттық тәрбиеге баулу. Келер жылы жастар жылы барлық шараларымыз жастардың мәселесін шешуге арналмақ.

Ер болып, ел қорғаймы деген ұландар борышын еліміздің оңтүстік аймағында өтейді. Осылайша,   азаматтық борышын өтеуге бекінген 20 сарбаз әуе қорғанысы әскер қатарына енді. Мәселен, жыл басынан бері елімізде  20 мың адам осы  құрамға алынса, оның 2000 жуығы Қарағанды облысынан аттанғандар.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...