АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

12:16, 14 қаңтар 2020

Ұлттық ұлан күні қарсаңында облыстағы 65/05 әскери бөлімінің қатары 300-ге жуық сарбазмен толықты. Ант қабылдап, оған адал болуға серт берген жастар енді 1 жыл бойы қарулы күштер қатарында азаматтық борышын өтейтін болады

Отанға қызмет ету - әр азаматтың қасиетті борышы! Әсіресе, әрбір  жас Отан алдындағы әскери  міндетін өтеуі тиіс..  Бүгін осы жауапты іске 264 жас сарбаз қадам басып отыр. Бір ай бұрын еліміздің әр облысынан келген олар, Қарағандының табиғи ерекшелігіне жерсініп, әскери міндетке бой үйрете бастады. Енді міне, қалған мерзімді қалтықсыз қызмет ету үшін, Отан алдында серт беріп отыр.

Қуандық СЕРІКҰЛЫ, сарбаз:

-Өте керемет сезімдемін. Отан алдындағы антты адал орындаймын. Қызметте адал болып, ел жерім үшін қызмет етуге дайынмын.

 «Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысып отыратынын» жақсы білеміз. Осындай  жағдайды бастан кешірген жас сарбаздардың ата-аналары бүгін алыс-жақыннан арнайы келіпті. Көкейде ұрей мен үміт арпалысқан ана жүрегі баласының амандығын, елдің тыныштығын тілейді.

Әсем ОСПАНОВА, ата-ана:

-Аман есен өз міндетін орындап келуіне тосамын. Өзім Павлодардан келдім. Әкесі осы күнді асыға күтті. Өте қуаныштымыз.

Генерал болуды армандамайтын сарбаз жоқ. Кез –келген генералдың да жолы сарбаздықтан басталған. Сондықтан бүгін - жастардың маңызды күнінде «Орталық» өңірлік қолбасшылығының орынбасары өз тәжірибесімен бөлісіп, әскер қатарына енгендерге ақ жол тіледі. 

Қанат БЕЛЯКОВ, «Орталық» өңірлік қолбасшылығы басшысының орынбасары:

-Жас арбаздарға тілейтінім шыдамдылық пен төзімділік. Бір жылдық мінджетті абыроймен орындап, отбасыларыңғызға оралуларыңызға тілектепсіз.

Атап өткен жөн, 65-05 ӘБ облыстағы ең ірі бөлімдердің бірі. Қазір әскери бөлім барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондықтан Отан алдында қызмет етуге келген сарбаздарға қалтықсыз қызмет етуге еш кедергі жоқ-дейді бөлім басшылары.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар