Саран қаласының студенттері әлемнің түрлі елдерінің тағамдарын әзірледі

Саран тұрғындары Наурыз мерекесін өзбектің палауы испандардың тәтті нанын пісіріп қарсы алуда.Абай атындағы гуманитарлық-техникалық колледж студенттері ұстаздар қауымы мен келген қонақтарды әлемнің әр еліндегі дастархан мәзіріндегі тағамдармен сыйлады. Әринеәсем әндер шырқалып, би биленді

19:28, 17 наурыз 2017   302

15-ке жуық этно-үстелдерге қойылған тағам түрлері көздің жауын алады. Әр ұлттың сүйікті астары әзіәрленген. Ұйымдастырушылардың айтуынша,ауыл болып бөлініп, бір-бірімен жарысқа түсіп жатыр.Мысалға өзбектермен испандықтар.

Наурыз мейрамына келуші қонақтар көп болды. Оларға зор қошемет көрсетілді.

Студенттер мерекеге ыждахаттылықпен дайындалған. Олар көпұлтты қазақстандықтардың қонақжайлылығын көрсетті. Әдемі костьюмдер киіп шаштарын күзеп, бойларын түзеп сән-салтанаты жарасып тұрды.Бір сөзбен айтқанда, мереке көркін қыздыра түсті.

Владимир ЗАКОМОЛКИН, колледж директоры

Осындай мерекелер адамның көңіл күйін көтереді.Бұл студенттердің өз ұсыныстары. Біздің мақсатымыз тек қана, олардың бастамаларына қолдау көрсету.

Абайдағы колледжде өткен Наурыз мейрамында дәстүрлі әндер шырқалып, мыңбұралған бишілер би билеп, мерекенің мәнін айшықтай түсті. Концерттік бағдарламаларды қоюға ұстаздар ұжымы қолдау көрсетті.

Сейітқали ӘШІМ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25