Саран қаласында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп,шағын аудандар қайта қалыпқа келтіріліп, химия өнеркәсібін дамыту қолға алынады

16:14, 17 қаңтар 2018

Сонымен қатар, биылғы жылы жаңа балама «таза» энергия көздерін салу үшін 100 МВт күн электр станциясының құрылысы жалғасады. Осы өзекті мәселелер, «Елбасы» жолдауын талқылау барысында өткен актив жиналысында жан-жақты айтылды

Саран қаласының құрметті тұрғыны Иван Блат үнемі жаңалыққа жақын жүреді. Ол қаланың байырғы тұрғыны ретінде Президент белгілеп берген міндеттер  мен нақты жүктеген тапсырмалардың орындалысын назарда ұстайды. Саран қаласының әкімі Ержан Темірхановтың өз баяндамасында Елбасының сол мақсат міндеттеріне байланысты шаһарда бастау алатын нақты жұмыстарға тоқталды.

Ержан ТЕМІРХАНОВ Саран қаласының әкімі

Біздің экономикада,өндіріс саласы индустриалық бағытта дамуы қажет.Бұл саладағы өндіріс көлемі 84 пайызға орындалған. 2017 жылдың нақты секторындағы өсім 115 пайызға жеткен.

Сандық жүйеге көшу - уақыт талабы. Қазіргі уақытта, жергілікті кәсіпорындар  заманауий жабдықтармен жұмыс істейді. «ККК Бетон» зауытында темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын өндіру процесі толығымен компьютерлендірілген.Сонымен қоса, қағаз әрі  тігін фабрикалары  және «Астық әлемі» нан пеші де толықтай автоматтандырылған. Инновациялық технологияларды енгізуде, Саран қаласындағы  «Казцентрэлектропровод» компаниясы көшбасшылар қатарында келеді.

Сергей КИМ «Kaзцентрэлектропровод» ЖШС бас директоры

Біз өндірісті сандық технологиялар арқылы үнемі арттырып келеміз.Бұл өндірістегі ахуалды арттыруға зор серпін береді.Сонымен қоса, біз жоғары технологиялы сапалы қондырғыларды алуды жалғастырып келеміз.

Сарандағы  актив жиналысына қатысушылар,елдің одан әрі дамуы жолындағы Президент жолдауының жаңа бағыттарын бірауыздан қолдады.Олар,  адамдардың кәсіби білім деңгейін көтеру қажет -деп біледі.Ол үшін,білім беру жүйесінен бастауымыз қажет - дейді. Қазір, Саран қаласы бойынша, барлық мектептерде  сияқты, мұғалімдер ағылшын тілінде сабақ беру үшін тіл үйрену курстарынан өтуде. Қала бойынша,  18 мұғалім арнайы дайындық курстарын оқып, біліктілігін арттырған .Мектептерде  робототехника сыныптарын ашу жалғасуда.    

Эмилия СЕРІКОВА  №2 мектептің мұғалімі

Балалар өз еркімен дамуы мүмкін. Оқытушылар да,жетекшілер де. Олар оқушылар мен бір салада дамуда.Біз, ұстаздар қауымы бавлалардың өз еркімен дамуына үлес қосуымыз қажет. Бұл,олардың келешекте өз өмір жолдарын тандауына зор мүмкіндік.

Өздерінің  кәсіби біліктіліктерін денсаулық сақтау қызметкерлері де арттыруда.Ауруханалар  мен емханаларда да,материалдық-техникалық база жаңартылуда. 2017 жылдың желтоқсанынан бастап  медицина саласы «қағазбастылықтан» толық арылған.Дәрігерге қаралушы науқастарға  арналған мобильді қосымшалар әзірленген көрінеді. Емханаларда,электрондық кезек жүйесі еңгізілген.

Камал ТОҚСАМБАЕВ Саран қалалық орталық аурухананың директоры

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы мен 86 есеп жүргізу кестесі еңгізілді. Осыған сәйкес кесте бойынша біз «қағазбастылықтан» арылдық.Бұл кешенді бағдарлама барлық емдеу мекемелерінде жүзеге асуда.
«Ақылды» қалаларды құру міндетіне келетін болсақ, «Smart City» бағдарламасында бейне бақылаудың зияткерлік жүйесі белсенді түрде енгізілуде. Өткен жылы Саранда 38 бейнебақылау камерасы орнатылған.Ағымдағы жылы да осы межеден төмен түспеуді діттейді.  .  

Иван БЛАТ Саран қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы

Біздің Саран қаласы «моноқалаларды» дамыту бағдарламсына еңген.қосмымша қаражаттар бөлінуде. Бұл қала инфрақұрылымын даыту мен қоса жолдарды жөндеуге жұмсалмақ.Орталық көше толық жөндеуден өтеді.Оған қаржы қарастырылған. Биылғы жылы өткелді іске қостық.

Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов бұл жоспарларды қайта қарап, мемлекет басшысы белгілеп берген тапсырмаларды бөлім басшыларына бұлжытпай орындауды  тапсырды. 

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар