САПАСЫЗ САЛЫНҒАН ЖОЛДАР

12:43, 22 мамыр 2020

Қарағанды қалалық мәслихат депутаттары кезекті рейдке шықты. Халық қалаулылары осы жылы пайдалану мерзімі аяқталуғажақын қалған жолдарды тексерді. Бұл жолы - Октябрь ауданындағы Майқұдық жолдары назарға алынды

Майқұдықтағы Шығыс 1-2-3 шағын аудандарының  айналма жолдары тексерілді. Бұл күре жолға орта  күрделі жөндеу жұмыстары 2017 жылы жүргізілген. Алғашқы қыс мезгілігінен кейін-ақ, ой-шұңқырлар пайда бола бастаған. Жол сапасы талапқа сай емес. Кейбір жерлердің ақаулары өте көп. Депутаттар бұл жолға қаншама қаржы жұмсалып, желге ұшқанына наразы. Оған 173 миллион теңге жұмсалған.

Жол жөндеу жұмыстарымен айналысқан мердігерлер ақталып әлек. Олар жолды дұрыс пайдаланбайды -деп, ақталуда. Бұл жерде ауыр жүк көліктері де, жүреді- дейді, мердігерлер. Оның үстіне қар еріген сәтте судың ағыны да қатты болып, жолды бүлдіруде дегенді,- алға тартты.

Бұл жолды велосипедшілерге салып жатқан жоқсыздар ғой деп, шүйлікті ,-депутаттар. Ал, мердігерлер болса,үш аптаның ішінде толық қалыпқа келтіреміз деп, ақтала бастады.

Бұл Белинский көшесінен Винницкаяға дейін өтетін айналма жол.Жолдың қыртысы жақсы. Өкінішке орай, бір жерде ойлып қалған шұңқыр бары байқалып қалды. Мердігерлер бұл жолы сылтау табуға тырысты. Бірақ олары іске аспады.

Майқұдықтың 12-ші шағын ауданынан Магнитогорскі көшесі арқылы Сталелитейнаяға өтетін жолдың сиқы мынау. Бұл жолда қатты ақауланған. Бір сөзбен айтқанда жергілікті тұрғындар мен халық қалаулылары бұл қатынас жолының сапасына өз наразылықтарын білдірді.

Рейд барысында Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары жыл сайын осы көріністің қайталанатынын айтып, өкпе-реніштерін білдірді. Жолдың пайдалану мерзімі аяқталмай жатып, ақаулануына бағдарлама әкімшісі мен техникалық бақылаушылар кінәлі дейді,-депутат Қадырбек  Әбдіров

Қадырбек ӘБДІРОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Біз әкімшіден өз міндетіне жауапсыз қараған мердігерді сотқа беру жөнінде осы көше тұрғындарының және қоғамдық кеңес мүшелері мен депутаттардың осы ұсынысын ескеруін талап етеміз. Бұл қандай жауапсыз мердігерлер екенін білуіміз қажет.

Депуттатар барлық сын-ескертпелермен мердігерлер берген уәдесін арнайы хаттамаға кіргізді. Белгіленген мерзімде олар қайта келіп, жіберілген олқылықтардың орындалысын тексермек.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар