САПАЛЫ ЖҰМЫС – ӨРКЕНДЕУ КЕПІЛІ

16:02, 15 қыркүйек 2020

Жезқазған қаласында«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы сәтті іске асырылуда.Жарқын жоба шеңберінде №4 жалпы орта білім беретін мектебінің сыртқы қоршауы ауыстырылды.Ал қалалық қазынадан бөлінген қаржыға оқу ошағына ағымдық жөндеу жүргізіліп, терезелері жаңартылды

Жезқазған қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектептің қоршауын ауыстыру жұмыстары санаулы уақыт арасында сапалы аяқталған. Мердігерлік ұйым биіктігі 2 метр темір шарбақтарды тапсырыспен Теміртау қаласынан алдыртыпты.Бұл бағыттағы міндетті атқаруға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қомақты қаржы бөлінген.Ал  жауапты компания жасалған жұмыстарға үш жылға кепіл беретінін айтып отыр.

Сергей КОРНАЧЕВ, «ГИМАТС ТРАНС» ЖШС-нің бас мердігері:

- Құрылысшылардың тбасым көпшілігі  Жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды. Жоспарлы межені мерзімінде аяқтадық. Қоршауларды  тиісті талаптарын сақтай отырып орнаттық.Техникалық қадағалаушылар мен  тапсырыс беруші білім бөлімі жоспарлы жұмысты  барынша бақылады.

Сонымен қатар білім ордасына ағымдық жөндеу жүргізілді. Оқу ошағының ескірген терезелері алынып тасталып, оның орнына суық өткізбейтін пластик орнатылды. Ілкімді істерді ілгерлетуге қалалық қазынадан  53 миллион астам теңге қарастырылған.

Ақбаян ӘБІЛДИНА, №4 жалпы  орта білім беретін мектептің мұғалімі:

-Жақсы жұмыстар жүріп жатыр.Қазіргі заманауи  технологияға сай кабинеттер ашылуда.  Балалардың ойын ғана емес  денсаулығы үшін жақсы жұмыстар жасалуда.

Мектептің материалдық техникалық базасы заман талабына сай.  Қажетті құрал – жабдықтармен түгелдей қамтамасыз етілген.Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жезді өңірдегі әлеуметтің әлеуетін әлдендіруге жол ашты.Нәтижесінде жергілікті тұрғындар екі қолға бір күрек тапты.Аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жезді өңірде 1 бөбекжай мен екі мектепті жөндеу сапалы түрде қолға алынған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар