САПАЛЫ МЕДИЦИНА - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

17:24, 15 шілде 2020

Медицина мамандары мен ауруханаларда қажетті жабдықтар жеткіліксіз.Жезқазған қаласындағы осы өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілу үстінде. Аталған сұрақты облыс әкімі Жеңіс Қасымбек басты назарға алып, күрмеулі проблемаларды біржақты ету жолдарын анықтады

Жезқазған қаласындағы медициналық мекемелер ауыр жағдайдағы науқастарды емдеуге арналған қосымша жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Қазір мұнда өкпені жасанды желдететін 14 аппарат сатып алынған.Бұған қоса тағы осындай қондырғының он үші жеткізіледі -деп күтілуде.Халықты алаңдатқан мәселені шешуге  Қазақмыс" корпорациясы аянбай атсалысып жатыр. Сонымен қатар 150 оттегі концентраты мен 70 пульсоксиметрлерді және 2 реагент-аппараттарын сатып алу жоспарланған.Қажетті жабдықтар  Жезқазған және Сәтбаев ауруханаларына таратылады. Заманауи аппараттардың жетіспеушілігінен бөлек, Жезқазған өңірінде кадрда тапшы. Күрмеулі  мәселені біржақты етуге Қарағандыдан  дәрігерлер бригадасы жіберіледі.Сондай-ақ олар келгенде барлық жағдайды жасауды тапсырды облыс әкімі.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Мен бүгін эпиджағдаймен жеке танысу үшін келдім.Әрине  кейбір проблемалар бар.Олардың бірі – мединалық кадрлар жетіспеушілігі.Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Дәрігерлер жағын жіті қарастырудамыз. Дәрі-дәрмектердің тапшылығына қатысты да халық тарапынан  шағымдар жетерлік. Жалпы облыс бойынша жеткізу басталды. Тіпті қажет болған жағдайда әкімдер дәрілік препараттарды  дәріханаларға жеткізу жағын жіті назарға алғаны абзал.

Жезқазған қаласындағы  жұқпалы аурулар ауруханасына жөндеу жүргізілуде. Бүгінде мысты шахарда  440 орындық  төрт жұқпалы аурулар стационары жұмыс істейді. Ондағы жүктелім шамамен 62% құрайды.

Арнайы жиын барысында аймақ басшысы  Жеңіс Қасымбек коронавируспен күресте еңбегімен ерекшеленген медицина қызметкерлеріне  наградаларды табыстады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі жанқиярлық еңбегі үшін Сәтбаев қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гаухар Жалмурзина «Құрмет» орденімен марапатталды. Ал  Жезқазған қаласының «Медициналық орталығы» жаупакершілігі шектеулі серіктестігінің  директоры Владимир Моторыкин «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.

Жезқазған өңіріне жұмыс сапары аясында  Жеңіс Қасымбек "TrikSat" тігін-тоқу цехының жұмысымен танысты.Аймақ басшысы  жол өтпесі мен  дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс қарқынын бағамдап, сапасын барынша тексерді. Спорт нысаны  келер жылы елге  есігін айқара ашады.Заманауи кешеннің ішінде  бассейн, күрес, спорт және хореографиялық арнайы залдар болады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар