САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ- МАМАНҒА МІНДЕТ

16:28, 8 қараша 2018

Қарағанды қалалық ұн өндіруші компания қызметкерлердің жалақысын көтерді. Көпшілікке есімі мәшһүр МУТЛУ компаниясы қызмет сапасын арттыру және Еелбасы ұсынысын қолдап қызмет ақыны 34 пайызға көтеріп отыр. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Қарағандылық бұл кәсіпорын -ел көлемінде ғана емес, бірқатар мемлекеттерде  танылып қалған отандық ірі ұн шығарушының бірі. Өнімнің жоғары, бірінші және екінші сұрыпты түрлерін дайындайтын серіктестік қарамағында 3 диірмен бар. Осыған дейін мұнда тәулігіне 200 тонна ұн тартылып келсе, сұраныстың артуына байланысты қазір 310 тоннаға дейін өнім өндіріп отыр.

Дос-Мұқасан ТӘУКЕБАЕВ, «МУТЛУ» ЖШС директоры:

- Елбасының ауылшаруашылығының өңделген өнімдерін 2,5 есеге дейін көбейту туралы ұсынысын біздер қолдаймыз. Қазіргі таңда әлемнің 10-15 мемлекетіне Қазақстанның ұнынын жіберіп жатырмыз. Экспортты 3-4 есеге дейін арттыруға болады. Әрине ол үшін үкімет тарапынан бізге қолдау болуы керек.

Экспортты арттыра отыра бәсекеге қабілеттілікті сақтап қалу үшін алдымен қызмет сапасын арттыруды қолға алып отыр. Әрине бұл бірінші кезекте қызметкерлердің жалақысын көтеріп, жұмысқа деген ынтасын арттыру. Бүгінде қызметкерлердің жалақысы 34 пайызға көтерілді.

Қазір Қарағанды обылсында 19 ұн өндіруші кәсіпорын бар. Олар Қырғыз елі, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан сынды бірқатар мемлекеттерге ұн экспорттап келді. Енді соңғы жылдары Ресей мен Қытай нарығын игеруді қолға алды.

Ботабек ТІЛЕГЕНОВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...