Сапалы әрі қолжетімді баспана - әркімнің қалауы

17:56, 9 тамыз 2017

Осы мақсатты жүзеге асыру жолында Қарағанды қалалық әкімдігі, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Тұрғын үй құрылысының кепілдендіру қоры» және «EurasiaBuilding» кәсіпорындарымен өзара келісімге қол қойды

Баспана мәселесі кімді болмасын алаңдатпай қоймасы анық. Осы орайда қандай банктен төмен пайызды несие алуға болады? Тұрғын үйден таршылық көргендердің ойтолғамы осындай..  Ол үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек те баршылық. Еліміз бойынша өткен жылдың соңында тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекітілді. Ол халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ  Қарағанды қаласының әкімі

Елбасы тапсырмасымен сала жанданып келеді. Тұрғын үйдің халыққа қол жетімділігін арттыру жолында жан жақты жұмыстар жүргізілуде. Қарағандылықтар үшін қол жетімді баспана жоғары нәтиже береріне сенімдімін.

Игі бастамамен Қарағанды қалалық әкімдігі, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Тұрғын үй құрылысының кепілдендіру қоры» және «EurasiaBuilding» кәсіпорны төрт жақты келісімге келіп отыр. Әкімдік құрылыс компаниясына жер пайдалануға қатысты қызметтермен қамтамасыз етеді. Осы негізінде мердігер компания құрылысының аяқталуы және объектіні енгізуге дейін қордан кепілдік алады.  

Гүлнар ДАБЫЛОВА «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  директоры

Қазақстандағы бұл жобаның болашағы зор. Қор толықтай кепілдік береді. Қандай жағдай болмасын тығырықтан шығар жол іздейді. Өйткені, құрылыс компанияларын заңнама аясында іріктелетін болады.

Осы уақытқа дейін аймақтың 67 мың азаматы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»-нің тұрақты салымшысына айналған. Барлық қордағы қаржы 26 миллиард теңгені құрап отыр.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...