САПАЛЫ БІЛІМ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

18:24, 5 наурыз 2019

Елбасы жүктеген мол міндеттерді орындау үшінсапалы білім қажет. Бұл ҚР Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершовтың пікірі. Сенатор Қарағанды облысына іс-сапармен келіп, педагоктармен кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың«НұрОтан» партиясының 18 съезіндегі мәлімдемесін ақпараттандыруда. Бұлдан бөлек аймақтағы білім ордаларына барып, жаңашылдықтармен танысты

Республикалық бюджет шығындарының 45 пайызы әлеуметтік  бағытқа.  Азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту үшін ұлттық қордан қаржы бөлінеді. Педагоктармен кездесу өткізген Сергей Ершов бұл ұлт көшбасышысының ең жауапты саладағы түсініксіз сауалдарға жауабы –дейді.  Бұдан бөлек, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын 30% өсіруді туралы мемлекетік басшысының тапсырмасы көпшілікке тың серпіліс болды дейді жиналған педагоктар.

Сергей ЕРШОВ, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

-Саяси жағынан көптеген сауалдар өз шешімін тапты. Экономика бағытында да өзекті мәселелер бір жақты. Енді тұрғындардың өмір сұру сапасын жақсарту керек. Көптеген мәселелер айтылды. Көп балалаы аналарға көрсетілу қажет көмек, жалақы аз азматтардың айлығын көтеру тәрізді проблемалар қарастырылды. Елбасы еліміздегі барлық проблемаларды шешетін бағдарлама жасалғандығын атап етті. Әр бағытқа тиісті қаржы бөлінген. Тек соны мүлтіксіз орындау қажет.

Сенатор Елбасы жүктеген мол міндеттерді орындау үшінсапалы білім қажет,-дейді. Осы мақсатта Қарағанды қаласындағы техникалық құрылыс коледжіне барып, құзіреттілік орталықтың жұмысымен танысты.  Бұл студенттердің білімін тәжірбиеде ұштастырып шыңдайтын шеберхана алаңы. Талапкерлер облыстық республикалық халықаралық Worldskills чемпионатына дайындалады. Басқа колледждер студенттері де келіп, біліктілік алмаса алады.

Ерғали ЕРКЕБҰЛАН, өндірістік оқыту шебері:

-Мен осы Қарағанды облысынан Беларусия мемлекетіне осы чемионатқа тәжірибе алмасуға жіберді. Ол жақтан мен өзімнің жаңа инструменттермен танысып, жақсы тәжірбие алмасып қайттым. Сол тәжірибенің арқасы болар мен Астанада екінші орынға ие болдым. Қазіргі таңда енді осы колледжде мастер болып жұмыс жасаймын. Қазіргі таңда балаларды дайындап жатырмын. Енді өзімнің сол казан қаласына әлемдік чемпионатқа іріктеуге алындым. Сол іріктеуге дайындалып жатырмын.

Студенттер орталықта 5 мамандық бойынша түрлі тәжірбелік жұмыстар жүргізіледі.  Мұндағы 20 кабинеттің атқарар міндеті айқын. Мәселен ланшафтық архитектура шеберханасында студенттер суда өсімдікті өсіреді. Тәжірбие ретінде бірінші 20 ға жуық гүлмен салат жапырақтарын сынақтан өткізуде.  Тұқым үнемі қозғалыстағы20 градус жылықта тұратын суда тұрады. Сенаторды колледждегі енгізілген Цифрлы технологияның әлеуеті мен заманға сай жабдықталған құрылғылар  таңқалдырды.

Сергей Ершов, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

-Мені бұл колледжде көп нәрсе қызықтырды. Мен сағаттап осы жерде тыңдап, студенттерді тыңдағым келді, тәпті бірлесіп жұмыс істеп кеткім келді. Бүгін тіптен маған бұрын белгісіз болған дүниелермен танысып білдім. Мен еліміздің көптеген аймақтарындағы универстеттерге барғынмын. Ол жақта көбінесе теория . Ал бұл колледжде тәжірбиеге басымдылық берілген.

Қарағанды техникалық құрылыс коледжіне қазір 600 ден астам студент білім алуда. Бүгінде құрылыс индустриясы бағытында кәсіптік білім беріп, білікті кадрлар шығарып жатқан оқу орны.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар