САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ САҚТАУ

15:32, 22 қазан 2020

Медициналық бетперде кимейді, дене қызуын өлшемейді және зарарсыздандыру сұйықтығы жоқ. Теміртаудағы мобильді топ көбіне осындай талап бұзушылықты анықтайды. Олар кәсіпкерлерді ғана емес, білім ордаларын да тексереді.

Бұл Теміртау қаласындағы №23-ші мектеп. 28 кезекші сынып бар. Екі ауысымның арасындағы үзіліс уақыты бір жарым сағатты құрайды. Сабақ арасындағы үзіліс те талапқа сай қойылған. Әр сыныпта ауа тазартқыш арнайы шам бар. Кіреберісте зарарсыздандыратын өткел тұр.

Мектепте оқшауланған бөлме бар. Егер оқушыда індет белгілері пайда болса, сол бөлмеге барады. Оның түкпіріне далаға шығатын есік қойылған. Жедел жәрдем науқас баланы сол жерден қабылдап алады. 23-ші мектепте көзге ілігетіндей кемшілік жоқ. Одан кейін мобильді топ жоспар бойынша ірі сауда орталығын тексерді. Бұнда да талапқа сай жағдай жасалған. Дегенмен, тексеру барысында заң бұзушылықтар да жоқ емес. Осы уақытқа дейін тексеруші мамандар шамамен 1500 рейдтік шара өткізген. Салынған айыппұлдың мөлшері 14 миллион теңгені құрайды.

Нұрлан КҰСАЙНОВ, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінде 109 хаттама толтырылды. Айыппұл шамамен 14 миллион теңгені құрайды. 6 хаттама сот қаралымына жіберілді.

Теміртауда 4 мобильді топ бар. Нысандарды тексеру жұмыстары керегінше жалғаса береді.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
14:01, 23 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
Толығырақ...