САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

15:48, 16 қазан 2020

Саран қаласында санитарлық талаптар қатаң бақылауда. Мобильді топ рейд жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Осы жолы олар халық көп шоғырланатын бірқатар нысандарды аралады

Мобильді топ рейд жұмыстарын Қазпоштадан бастады. Бұл жердегі санитарлық талап көңілге қонымды. Қызметкерлер қолдарына медициналық қолғап киіп, бетперде таққан. Кіреберісте дене қызуы өлшенеді. Әрбір қызмет көрсететін терезе алдына да антисептиктер қойылып, арнайы арақашықтық сақталады.

Айдар МҰҚАШЕВ, учаскелік инспектор:

- Карантин басталғалы біздің мобильді топ санитарлық талаптарды қатаң бақылауда ұстаймыз. Саран қаласындағы барлық нысандарды жиі текесереміз. Бізде 4 мобильді топ бар. Күніне 2 мобильді топ жұмыс істейміз. Карантин ережелерін бұзған 48 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оларға тиісті айыппұл салынды.

Ал, мынау халыққа қызмет көрсету орталығы. Әдетте бұл жерде адам көп жиналады. Карантин жағдайын ескеріп, барлығы тәртіпке бағынуда. Мұнда келгендерге 4-5-тен ғана ішке кіруге рұқсат. Қызметкерлер де санитарлық талапты қатаң қадағалайды екен.

Ким ЕВГЕНИЙ, мобильдік топ мүшесі:

- Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда санитарлық талапты саналы түрде сақтауға шақырамын. Әсіресе нысандарда, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүру қажет. Әсіресе адам көп жиналатын жерде абай болу қажет.

Карантин талаптарын тексеруді одан әрі орталық базарда жалғастырды. Тұтынушылардың қарасы қалың. Көбісі зейнет жасындағылар. Барлығы бет ауыздарын тұмшалап, бетперде таққан. Ал, сатушылар болса, белгілі межедегі арақатынасты сақтауда. Барлық дүкен қызметкерлерінің дене қызуы әрбір 3 сағат сайын өлшеніп, арнайы дәптерге тіркеледі. 

Мобильді топ мүшелері өңірдің барлық бизнес нысандарын бас санитар дәрігердің талабын дұрыс орындауға шақырды.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар