САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

16:27, 13 маусым 2018

Қарағанды қаласында сандық технологияны меңгеруге байланысты арнайы оқу курстары ашылды. Үш ай бойы кез-келген адам қатысып, арнайы компьтерлік сауаттылығын арттырып, білімін жетілдіре алады

1 маусымнан бастап Қазақстан аймақтарында тұрғындарды сандық сауаттылыққа бейімдейтін  арнайы курс қанат қақты. Ол «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында  әзірленген. Қазір төрт бағыт бойынша білім берілуде. Базалық сандық машықтану, элетронды және ашық үкімет  элетронды сауда жүйесі негізінде сауаттылықты арттыру жағы қарастырылған.

Айнагүл ИСАЕВА, Қарағанды қалалық білім бөлімінің әдіскері:

-Кез-келген қарағандылық арнайы оқу курсына жазылып, электронды сертификат ала алады. Қала мектептері материалдық-техникалық жағынан жақсы жабдықталған.79 мектептің 41 мектебіне осы жүйе еңгізілді. Басқа мектептерде жазғы жөндеу жұмыстары жүруде.

Арнайы оқу курсы маусым және тамыз аралығында үш ай бойы жүреді. Толыққанды білім алып, сандық сауаттылықтағы арттыру үшін 16 сағат дайындалу қажет. Мысалға, элетрондық сандық қолтаңба алу  өте тиімді,- дейді қала тұрғыны Зура Хасенова. Оның айтуынша түрлі анықтама мен балабақшаға кезекке тұру кез-келген мекеме мен ұйымға өтініш білдіру жағы да осы электрондық технология арқылы жүзеге асады.

Зура ХАСЕНОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Бұл өте тиімді. Қазақстан сандық технологияларды игеруде көш бастап тұр. Осы элетрондық сандық жүйені меңгеру қажет. Қазір технологияның дамыған кезі. Үйде отырып-ақ дүкенге кезекке тұруға болады. Кез-келген анықтама алу үшін де тиімді.

Үш ай мерзім аралығында 38 мың қала тұрғынын оқыту жоспарланған. Барлық ақпаратты Қарағанды қалалық білім бөлімінің сайтынан алуға болады. Сондай-ақ, оқу бағдарламсымен танысу үшін оның қай мектептерде жүзеге асып жатқанынан да хабардар болуға мүмкіндік бар

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
16:20, 20 маусым 2018
«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:42, 13 маусым 2018
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...