КЕЛЕЛІ КОНФЕРЕНЦИЯ

17:02, 7 желтоқсан 2018

Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универсиететінде төртінші рет «Қазақстан - Менің Отаным» атты републикалық студенттік ғылыми –тәжірибелік конференция өтті. Жиынға еліміздің сегіз өңірінен жас ғалымдар қатысты.Ауқымды шара шеңберінде олар тарихи сананы жаңғыртудың тың тетіктері мен бірегей жобаларын жүзеге асырудың жолдарын ортаға салды

Конференцияға қызу дайындалып, Астанадан ат арылтып келгендердің  бірі Әлихан Қайырбек.Ол ежелгі қазақ әскерінің тарихын түп-тамырынан қаузайтын мәйекті мақаласын үш ай бойы тынбай  жазыпты. Бота тірсек бозбала тырнақ алды туындысын   зерттеу үшін көптеген ғалымдардың еңбектерін зерек зейініне зеделеген.

Әлихан ҚАЙЫРБЕК, конференцияға қатысушы /Астана/:

-Елбасымыздың Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар және  Ұлы даланың жеті қыры атты  мақаласындағы ойларды талқылау, пікір алмасу.

Бағаналы басқосудың бел ортасынан  еліміздің Алматы және Орал Павлодар мен Қостанай, Түркістан қалаларынан келген белсенді студенттер табылды. Алқалы жиында жас буындар  Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты  мақаласындағы айқын бағыттарды барынша  бағамдады.Шарапаттты шара шеңберінде жалынды жастар тарихи жадыны жаңғыртудың жолдары мен  ұлттық руханияттың  ұстынын, ұлағатын  тереңнен тану керектігін де алға тартты. Сонымен қатар қатысушылар Қазақ халқы ассамблеясының мемлекет дамуындағы рөлінде мейлінше меңзеді.Ал олардың ғылими ізденісінің алғашқы адымы саналатын 180  мақала жинаққа басылып, жарыққа шықты.

Студенттердің  жобаларын  белгілі тарихшылар салмақтап саралады.Зиялы қауымнан  жоғары бағасын алғандар  жүлделі орындарға сәйкес граматолармен  марапатталады.Сондай-ақ ертең әр аймақтан келген студенттер Долинка кентіндегі «Карлаг» мұражайына саяхат жасайды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...