«САЛЮТ» ЛАГЕРІ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

17:00, 12 маусым 2019

Бүгін балалардың қуанышында шек жоқ Қала әкімдігінің қолдауымен 1700 бала демалуға жолдама алды. Қарағандыдағы «Салют» сауықтару орталығында демалу мүмкіндігіне қол жеткізген жеткіншектердің дені әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан оқушылар

Сауықтыру орталығына жолдама алған оқушылар№ 102 –ші мектеп гимназияның алдында бас қосты. Дәл осы жерден бірінші маусымға іріктелген өрендер «Салют» лагеріне жол тартады.

Аяжан ҚАЛМЫҚОВА, оқушы:

-Лагерде өте қызықты. Өйткені тауға шығамыз. Балалармен ойнаймыз.

Лагерь бес маусым бойынша келушілерді қабылдайды. сауықтыру орталығына бүгін бар жоғы 390 бала жіберілді. Оның 13-і ақылы түрде демалса, қалғанынына қажетті қаражатты  қалалық әкімшілік төлейді . Айтпақшы, әлеуметтік жағдайына қарай іріктелген демалушы оқуышалардың арасында дарынды балалар да бар.Олардың саны-20.

Ақмарал МАҚҰЛБЕКОВА, Қарағанды қалалық білім бөлімі секторының меңгерішісі:

-Биылғы жылға 1700 бала демалып, сауықтырылады деген жоспарымыз бар. 377 ақшасыз. Жолдамамен жіберіліп жатыр барлығы. 390 бала  бұл сауықтыру орталығында 9 отряд  бойынша 5 мезгілдік тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл негізі Қарағанды қалалаллық әкімшіліктің қолдауымен және Қарағанды білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Аталған сауықтыру орталығында  күнделікті дискотекалар, конкурстық бағдарламалар, түрлі спорттық ойындар, мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Дегенмен, балаларын көпшілік ортаға алғашқы жіберіп отырған аналар да бар.

Айгүл ШӘКІРОВА, ана:

-Біз бүгін бірінші рет баламызды «Салют» лагеріне жібергелі жатырмыз.. Үмітіміз зор. Оған қатты ұнайды деп ойлаймыз, сенеміз.

Айта кетейік, Қарағанды қаласы бойынша бұл алғашқы ашылып отырған лагер емес. Биыл дегеніміз  аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықтың нышаны.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар