САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

16:50, 11 наурыз 2019

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары қарқынды. Облыс әкімінің қатысуымен өткен кезекті аппарат жиынында қызыл су қаупінен қорғану барысы пысықталды. Жиын барысында көктемгі су тасқынының алдын алу, дайындық шараларын күшейту мен аймақтағы су қоймаларының жағдайы сөз болды. Қай өңірлерді су басу қаупі бар?

Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы су басу қаупі бар елді мекендерде қазір алдын алу шаралары қызу жүріп жатыр деп сендірді. Ал, облыс әкімі Ерлан Қошановты 2015 жылы су астында қалған Ғабиден Мұстафин кентіндегі жағдай қызықтырды. Ауыл маңына екі жыл ішінде  екі жарым мың шақырым қорғаныс бөгеттері салынған.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Самарқандтан кейін қанша елді-мекен су астында қалу қаупі бар?

Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ,  облыстық ТЖД басшысы:

- Екі мекен... Садовое, Чкалов. Нұра ауданына дейін 10 ауыл.

Облыстық, республикалық жолдар бойынша 258 көпір болса, қазір соның 12-сі  ашылған.  5129 су  ағарлардың 47 пайызы тазартылған.

Серік   АЙДАР,  «Қазавтожол»  ҚФ директоры:

-Барлық қажетті материалдар дайын.  Жұмыскерлер мен техника да сақадай сай. Аса қауіпті жолдарда 19-нан бастап тәулік бойы  кезекшілік жүргізіледі.

Елді-мекендерде Төтенше жағдай бөлімшелерінің қызметкерлері мен аудан әкімдігінің өкілдерімен бірігіп, рейдтер өткізуде. Ықшам аудандардағы жеке тұрғын үйлерге жақын орналасқан арықтар тазартылып, тасқынның алдын алу жұмыстары жалғасын табуда.
Аймақ басшысы аудан әкімдеріне үй-үйді аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын  жүргізу маңызды екенін  тағы бір тілге тиек етті.
Халел МАҚСҰТОВ, Қарқаралы ауданының әкімі:

-Ауылдық жерлерде жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі, депратаменті қызметкерлерімен бірге, ІІБ-мен халыққа түсіндіру  жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Октябрь ауданы, Сұрыптау елді-мекені мен Қазыбек би ауданының бірқатар көшелерінің жағдайы  мәз емес.  Ерлан Қошанов қала әкіміне аталған аудандарды назарға алып, жақын арада көшелерді тазарту жұмыстарын ширатуды ескертті.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар