САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАЙЫҚ!

16:02, 21 мамыр 2020

Елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталғанмен, қауіпті пандемияның таралуы әлі де доғарылар емес. Бұқар жырау ауданына қарасты Ботақара кентінде блок бекеттері тәуліктік бақылаумен жұмыс істеуде. Аталған ауданда 10 адам вирус жұқтырғаны анықталып, бір адам емделіп шыққан

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал нашарлағандықтан 18 мамырдан бастап, карантинге жабылған кент халықтың саулығы үшін сақтықты күшейткен. Карантин аумағы  анықталып, кіріп-шығу пункті, блокпостар қойылған. Ауыл ішінде арнайы қызмет көліктерінен басқа барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды. Қоғамдық көлік тоқтап, санитарлық ережелер жаппай сақтау талап етілген. Дегенмен, транзиттік жолмен өтушілердің барлығын эпидемиологтар тексеріп, тәртіп сақшылары бірінші бекеттен, екінші блокқа дейін шығарып салады. Жолаушыларға аудан орталығына тоқтап, көшелеріне кіруге, жергілікті халықпен байланыста болуға қатаң түрде тыйым салынған. Мамандар болса, әлі де облыстың барлық тұрғындарына бетперде киіп, санитарлық норманы сақтауға, көпшілік ортада жүрмеуге, ережені ескеруге шақырады.

Айдын ӘЛІМОВ, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:

- Облыстың бас санитар қаулысы бойынша карантин жарияланды. Аумақта 29 құқық қорғау органдарының және медицина мамандары қызмет етуде. Қазпочтоа филиалы, банкомат пен Азаматтарға арналған үкіметфилиалы жұмыс жасауда. Азық-түлік дүкені, дәріхана жұмысы жүргізілуде. көлік жөндеу, шаштараз салондары да қатаң түрде дезинфекциялық талаптарды сақтай отыра жүргізуде. 345 адамнан вирус анықтау тесті алынды.  Өзге аумақтан келіп, транзиттік жолмен өтетіндерді арнайы қызмет көлігімен мамандар екі блок арасынан өткізіп отырады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар