САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

16:28, 19 наурыз 2020

Облыстық «SARYARQA» телеарнасының студиясында аймақтың бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаровтың қатысуымен коронавирусқа қарсы күрес жұмыстары айтылды. Тікелей эфир барысында, қауіпті індетті болдырмау бағытындағы атқарылған шаралар баяндалды

Әлемді алаңдатқан вируспен күрес- Қарағанды облысында  жан-жақты жүргізілуде. Осы аралықта аймағымызға шет елден 60 әуе рейсі келіп қонған. Ондағы 3000 адамның барлығы тиісті сауалнамалық тексеруден,  медициналық бақылаудан өткен. Ал, ұлттық сараптама орталығы арқылы,  93 адамға қажетті шаралар жүргізіліп, барлығының да жағдайы қалыпты екені белгілі болған.

Қанат АСҚАРОВ, тауарлар сапасын бақылау департаментінің басшысы:

-  Адамдар арасында, Қарағанды облысында вирус жұқтырған адамдар бар деген сияқты қисынға келмейтін түрлі мәліметтер тарап жатады. Ешбіріне де сенбей, ресми мәліметке көз жүгірткен жөн екенін барша халыққа жеткізгім келеді. Өңірде әлі ешбір жайт тіркелмеді. Медициналық бағытта мамандарымыз жеткілікті.

Жұқпалы індетті жою жолында өңірдегі дәрігерлер тиісті оқытудан өткен. Облыстағы 3000-нан астам нысанға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. Аймақтың бас санитары - барлық тараптарды  қарапайым, қалыпты деңгейдегі гигиеналық тазалықты сақтауға шақырады.

Қанат АСҚАРОВ, тауарлар сапасын бақылау департаментінің басшысы:

-  Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, төтенше жағдай режиміне тиісті жұмыстар жалғасуда. Тағы да ескерте кеткенім жөн болар. Қаулыға сәйкес, ойын-сауық орталығы, кинотеатр, көрме, жаттығу залдарының, үйірмелердің өтуіне тыйым салынады.   Өңіріміздегі жағдай толықтай бақылауға алынған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар