САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

20:20, 16 қазан 2020

Өңірлік коммуникациялар қызметінде аймақтың эпидемиологиялық жағдайына байланысты брифинг өтті. Тікелей эфирде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Юрий Залыгин мен Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев қатысты

Қауіпті вирусты таратпауға, болдырмау жолында ағымдағы жылдың 19 қазаны сағат 00-00-ден бастап облыста бірқатар шешімдер қабылданып отыр. Көңіл көтеру, спорттық, отбасылық, мерейтойлық, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шаралар мен  банкеттер, тойлар, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге тиым салынады. Соның ішінде үйде, караоке, бильярд  жұмыстарына рұқсат жоқ. 30-дан астам қызметкері бар Мемлекеттік органдар мен ұйымдары қызметкерлердің 50%-ын қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыруы тиіс.

Айгүл ШАТЕКОВА, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми өкілі:

-Сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, желілік дүкендерде, қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсететін (50 орыннан астам) субъектілерде «нақты уақыт режимінде» бұзушылықтарды тіркеу үшін бейнекамералар орнату туралы мәселені шешу.

Облыстың көлеміне сәйкес санитарлық посттар орнатылмақ. Нысан кіреберістерінде, лифтілерде, автотұрақтарда күніне кемінде 2 рет профилактикалық дезинфекция жүргізуді жалғастыру қажет, Ал,  65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына әлі де  шектеу ұсынылуда. Компьютерлік және түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары, жабық аттракциондар, батуттар, кинотеатрлар, букмекерлік кеңселер жұмысы тоқтатылады.

Ержан НҰРЛЫБАЕВ,   облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-  200 орындық медициналық нысан Жезқазған қаласында келесі аптада ашылады, соңғы үлгідегі технология, санитарлық талаптармен толықтай қамтылған. 1 желтоқсанда тағы 4 инфекциялық емхана ашылады. Облыстық, республикалық бюджеттен 500-ден астам тыныс алу жабдықтары  алынған.  60 жаңа реаномобильді техника жақын күндерде өңірімізге жеткізілмек. Компьютерлік томография жетіспеушілігі  болған, 5 кабинет ашылады.  

Өңірде, аруруды болдырмау, жедел анықтау мақсатында тәулігіне 7000 адам тексеретін мүмкіндік болса, алда тағы 3 зертхана іске қосылмақ. Осы арқылы бір күнде 10000 пцр тесті анықталатын болады. Аймақта  2020 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 10375 жағдайы тіркелгенін жеткізген мамандар, халықтан сақтықты күшейтуді сұрап отыр.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар