САҚТЫҚ ҚАДАМЫ

16:59, 20 наурыз 2020

Қарағанды қаласында коронавирусқа қарсы сақтық шаралары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Үлкен сауда орталықтары уақытша жабылса, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі үш сағатқа қысқарған

Коронавирус пандемиясы  өршіген уақыттан бері отандық кәсіпкерлердің ортасында алаңдушылықтың туындағаны жасырын емес. Жан Медетбеков жеке кәсіпкер. Ол қазіргі уақытта нәзік жандыларға маникюр, педикюр жасаудың шебер маманына айналған. Төтенше жағдай режиміне байланысты күнде таңертең залалсыдандыру жұмыстарын жаппай жүргізіп, адамдарды екі-үштен ғана қабылдауға көшкен. Ең бастысы - деннің саулығы, ал тәртіпті сақтау табысыма еш кедергісі жоқ -дейді Жан Медетбеков.

Жан МЕДЕТБЕКОВ, жас кәсіпкер:

-Сағат сегізге дейін жұмыс жасайтынбыз, алтыға дейін қысқарды. Осындай жұмыс өзгерісі болып жатыр. Еден жуу, келушілерге маска беріп, қолды антисептиктермен жууды сұраймыз.

Аймағымыздағы шағын және орта бизнес, түрлі саладағы  жалпы саны 3000-ға жуық мекемеде бірер күн ішінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда қолды жуып, қоғамдық орындарда санитарлық-гигиенаны сақтау қалыпты деңгейде орындалуда.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты ХҚКО-да сақтық шаралары күшейген. Ал, тұрғындар жарты сағатқа жуық сыртта кезек күтуге мәжбүр. Кіруге тек топ-топтан, 5-10 адамға дейін өткізіп отырады. Бұл уақытша жайтқа түсінік танытатындар да бар, кері пікірдегілер де жоқ емес.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты да үш сағатқа қысқарған. Мемлекеттік қызмет түрлерін алушылар далада кезекті күткенімен, жағдайы қиын, зейнет жасындағылар мен аяғы ауыр жандар кезексіз кіргізіледі. Төтенше жағдай режиміне байланысты бұл келеңсіздікті тұрғындар түсіністікпен қабылдаса дейді, - сала жетекшілері.

Гүлмира СҮЛЕЙМЕНОВА, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ҚОФ директорының орынбасары:

- Жаппай антисептиктерді қолданып, санитарлық жұмыстарды үзбей жүргізудеміз. Тұрғындардан өтінеріміз, баламен ХҚКО-ына келмеуге тырысу. Уақытша жайтқа бола даурықпаса екен. Бастысы тазалық пен аурудың алдын алу.  сағат 20-00 ге дейін ұсынылатын жұмыс кестеміз сағат 17-00-ге қысқарып отыр.

Облыс орталығындағы ірі сауда үйлерінде де жұмыс уақытша тоқтатылған. Тек, азық-түлік алуға болатын нүктелер қызметін жалғастыруда.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар