САҚАЛДЫ ҚҰРЫЛЫС СЫНАЛДЫ

15:48, 10 сәуір 2019

Облыс әкімі темір жол вокзалындағы қайтадан қалпына келтіру істерінің деңгейін тексерді. Жұмыстары кестеден бір жарым айға кешеуілдеген мердігерлер мен жетекшілерді Ерлан Қошанов қатаң сынға алды.Көшпелі жиналыс барысында аймақ басшысы жауаптыларға жіберген олқылықтың орнын тез арада толтырып,стратегиялық нысанды сапалы жөндеуді тапсырды

Облыс әкімі Қарағанды темір жол вокзалындағы жүргізіліп жатқан  жұмыстармен жете танысты. Айталық стратегиялық нысан жанынан бой көтеретін жаңа терминалдың құрылыс қарқыны бәсең. Битумды құю жағыда межеленген мерзімнен қалыс  қалуда. Әзірге бұл жерде 110 адам жұмыс істеп жүр.Сондай-ақ олардың санын  80 еңбеккерге ұлғайту жоспарланып отыр.Алайда  жұмыс күші жеткіліксіз екенін алға тартады жауаптылар.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Детальды кесте құруларыңыз тиіс. Бұл биылғы жылдың басты нысаны  ретінде саналады. Сондықтан құрылысты ширатыңыздар. Әр аптада бірге нақтылап, назарға алатын боламыз.

«КомСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлерінің сағызша созылған жұмысы аймақ басшысының көңілін көншітпеді. Себебі қайтадан қалпына келтіру істері бекітілген кестеден бақандай бір жарым айға кешеуілдеп жатыр.Өз кезегінде Ерлан Қошанов жүктелген тапсырмаға салғырт қарап, арқаны кенге салып жүрген  жауапты компания жетекшілері мен басқарма басшыларын сын садағына алды.Ал мардымсыз мердігерлер орын алған олқылықтар  үшін ақталып, кеткен кемшіліктерді жақын арада ретке келтіретініне  сендірді.

Сонымен қатар  облыс әкімі, теміржол вокзалының шатырын ауыстыру және ішкі әрлеу мен сыртқы  қаптау жұмыстарында арнайы барып  аралады.Компания өкілдерін сынға емес, сапаға жұмыс жасау керектігін қадап ескертті.Жауаптыларға жеке кесте  жасап,бақылауды күшейтуді тапсырды. 

Бауыржан ОРЫНБАСАРОВ, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басқарушы директоры:

-Біздің техникалық қадағалаушылар көріп, қарады.  Қажетті материал дайын.  Метал құрастыру және битумды құю байланысты істерді жандандырамыз.

Жалпы жоба бойынша стратегиялық нысанның аумағы  1,5 мың шаршы метрге дейін кенейтілмек.Бұйыртса перрондарда жолаушылар үшін  экскалаторлар қызмет көрсететін болады.Айта кетейік вокзалға соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 11 жыл бұрын жүргізілген. Бір тәулікте  осындағы шойын жолдың бойынан 6 электрлі және 27 бағыттағы пойыз жүреді.Ал енді аймақ басшысы қаладағы негізгі  нысанның жөндеу парқын апта сайын бақылайды.Көшпелі жиналыс қорытындысында  Ерлан Қошанов облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мен қала әкіміне күнделікті жұмысты тексеріс тезіне алып, қадағалауды қалтықсыз атқаруды жүктеді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар