«САҚАЛДЫ» ҚҰРЫЛЫС САРСАҢҒА САЛУДА

16:31, 14 қыркүйек 2018

Бос тұрған ғимарат тұрғындарға қауіп төндіруде. Қарағанды қаласындағы Мұқанов көшесінің тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Көп қабатты үйлердің жанында 10 жыл бойы бір нысан қаңырап, маңайы күл қоқысқа айналған

Мына құрылыс нысаны Мұқанов көшесі 14 үйдің маңында. Жоспар бойынша құрылыс жұмысы 2011 жылы аяқталу керек деп көрсетілген. Алайда 1-ші қабаттың ғана кірпіші қаланып, жұмыс тоқтап қалған. Бүгінде бұл алаңда тұрмыстық заттар қалдықтарының үйіндісі пайда болған. Санитарлық тазалық туралы айту артық.   

Мұқанов көшесінің тұрғыны  Нелли Фаллер күнде осы күл-қоқыстың маңайынан өтем, дейді. Таңертең ерте және түнде аяқ алып жүру қиын әрі  қауіпті. Себебі бұл жерде жаз бойы тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар пайда болған.

Нелли ФАЛЛЕР, Мұқанов көшесінің тұрғыны:

-Бұл жерге ит те шыбын шіркейде үймелейді. Жазба шіріп, иісі қолқаны  қабады. Құрылысқа кім рұқсат берді? Қашан оны аяқтайды. Мұның бәріне кім жауап беріп, бақылайды.

Лас көріністі күнделікті терезесінен Зухра Нұржанова да қарауға мәжбүр. Бәрінен бұрын балаларына алаңдайды. Себебі құрылысы аяқталмаған ғимарат аумағы биік шарбақтармен де  қоршалмаған.  Ал ойын алаңы болмағандықтан шағын ауданның кішкентай тұрғындары осы жерде ойнайды екен.

Зухра НҰРЖАНОВА, Мұқанов көшесінің тұрғыны:

-Мына жерде бірінші магазин саламыз деген. 2007 жылы бастады 2011 жылы бітіреміз деп. Қазір 2018 жыл әлі бітірген жоқ. Қыстың күні мен анау терезеге қарағанда мына жерде балалар каток істейді де құлайды. Даже алдыңғы жылы жедел жәрдем келіп бір баланы алып кеткен.

Біз тұрғындардың шағымын жергілікті атқарушы билікке жеткіздік. Бірден көрсетілген мекен жайға жергілікті полиция қызметкерлері жетті. Нысанды бақылауға алып, ғимараттың иесісін анықтады.

Ербол НУКИЧ, Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің бөлім жетекшісі:

-Біз жеке меншік иесісі кім екенін анықтадық. Олар нысанды бақылауға алып қажетті талаптарды орындау керек еді. Енді олар бірінші аумақты қоршайтын болады. Біз бір реті тазартамыз. Алайда енді бұл аумақтың тазалығын үнемі бақылауға алатын боламыз.

Нысанның иесісіне әкімшілік айыппұл салынады. Айта кету керек, мұндағы күл-қоқыстың басым көпшілігін тұрғындардың өздері тастаған. Қазір аумақты тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
16:28, 21 қыркүйек 2018
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар