САЙЛАУҒА ҚОЛДАУ

17:12, 11 сәуір 2019

Қазақстан зайырлы құқықтық демократиялық мемлекет ретінде осымен 7 рет Президент сайлауын өткізуді мақсат етіп отыр.1991 жылғы 1 желтоқсан айынан бастау алған саяси шара қазір де,жақсы жалғасын табуда

9 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу турасында қазақстандықтарға Үндеу жариялап,жарлыққа қол қойды.Бұл тарихи шешімді Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен келісіп, барып қабылдағанын айтты- дейді, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Қадиша Оспанова. 

Қадиша ОСПАНОВА, «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының 1-ші орынбасары:

-Сайлау жаңа мемлекет құруды және қарыштап дамуды қамтамсыз етеді. Бұл тек қана біздің қоғамды ғана емес,шетелдік билік өкілдеріне де үлгі боларлықтай нақты қадам  деп  есептеймін

Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері де ел ішіндегі болып, жатқан елеулі өзгерістерге бей-жай қарамайды. Елдегі, саяси науқанда үнемі белсенділік танытып отырады. Алдағы болатын Президент сайлауын оларда толықтай құптап-қуаттап отыр. Бұл Қазақстанда тұрақтылық пен бірліктің одан әрі нығаюына және де, -130 дан астам ұлт пен ұлыстың татулығы мен бірлігінің одан әрі артуына өз ықпалын тигізеді дегенді, айтады олар. Бұл,Шешен-үнгүш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Увайс Жанаевтің жеке пікірі  

Увайс ДЖАНАЕВ, ҚХА мүшесі, «Вайнах» шешен-үнгүш этно-мәдени бірлестігінің  төрағасы:

-Бұл сайлау Тұңғыш Президент бастап берген сара жолды жалғауға мол мүмкіндік береді.Ол,елеулі өзгерістер әкелумен қатар,ел дамуына жаңа серпін береді.Барлық құндылықтар сақталады. Бұл көпұлтты қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға бағытталған саяси науқан деп білемін 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеуін Қазақстан Халқы Асссамблеясының мүшелері де қызу  қолдап, отыр. Олар да саяси науқанға бір кісідей қатысуға дайын екендіктерін айтады. Мерзімінен бұрын кезектен тыс Президент сайлауын өткізу ел экономикасының қарыштап дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына өз септігін тигізеді–дейді, олар.Сайлау барлық конституциялық нормаларға сай, әділ де ашық болатынына кәміл сенімдіміз дейді,-Ассамблея мүшелері.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар