САЙЛАУ НӘТИЖЕСІ

13:58, 10 маусым 2019

Күні кеше ғана барлық Қазақстан халқы Ел өміріндегі саяси науқанға қатысып,Президент сайлауын ойдағыдай өткізді.Саяси тартыста додаға түскен 7 кандидаттың барлығына жағдай жасалып, сайлаушылардың өз таңдауын жасауға мүмкіндік берілді

Аймақ бойынша 787 сайлау учаскісі құрылып,облыстың 938 мың тұрғыны өз таңдауларын жасады.Бұл 77,3 пайыз деген сөз. Таңертеңгі сағат 7-00 ден басталған саяси шара, кешкі 20.00-ге дейін жалғасты. Халықтың  белсенділігі өте жоғары болды.Сайлау барысында ешқандай тәртіп бұзушылықтар тіркелген жоқ.Бір сөзбен айтқанда Президент сайлауы барлық заң талаптарына сай, ашық,  әрі әділ өтті деуге толық негіз бар. Сайлау туралы конституциялық заң талаптары да сақталған.Экзит полдың берген мәліметтеріне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен. Ол, 70,3 пайыз дауыс жинаған.Екінші орын  Әміржан Қосановқа бұйырды. Ал, тағы бір үміткер Дәния Еспаева үшінші орынға тұрақтаған.Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесінің барысы жайлы  жуық арада толықтай жариялайтын болады

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар