САЙЛАУ – 2021

11:29, 10 қаңтар 2021

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек те таңертен жетіде өз сайлау учаскісіне барып дауыс берді.Қарағанды қаласындағы №42 сайлау учаскесінде нәбәрі төрт сағат аралығында 500-ден астам адам өз таңдауын жасады

Бұл Қарағанды қаласындағы Әл-Фараби атындағы 102 мектеп –гимназиясында орналасқан №41 және №42 сайлау учаскелері.Ал комиссия мүшелерінің саяси науқанқа сақадай сай екені сенімді жүздерінен сезілгендей.Тіпті тамылжыта шырқалған әуезді әндер дауыс беруге келген азаматтардың көңілін көтеріп, айрықша серпіліс сыйлайтыны айқын.Ел ертеңі үшін ерте тұрып сайлауға келгендердің арасында жас та жасамыс та бар

Аталған сайлау учаскесіне алғаш болып келгендердің сапынан облыс әкімі Жеңіс Қасымбекте табылды.Егемен еліміз үшін аса маңызды саяси шарада аймақ басшысы көппен бірге серпін танытып, өзінің тиісті  таңдауын жасады.Сондай-ақ облыс әкімі  өзінің әлеуметтік желідегі фейзбук парақшасына қарағандылықтарды саяси науқанға белсенділік танытуға шақырды.

Ал бүгін  сайлау комиссиясының мүшелері үшін жауапты сәт.Себебі бұл қаладағы ауқымды дауыс беру пункті болып саналады.№42 сайлау учаскесінде 2500-тен астам сайлаушы бар.Әсіресе осы дауыс беру пунктінің  сайлаушылары таңертеңнен бастап алма-кезек келіп жатыр.

Ләззат ДІЛМАҒАМБЕТОВА, №42 сайлау учаскесінің төрайымы:

-Бұл 2021 жылдың 10-шы қаңтар күні Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар   сайлауы бойынша дауыс беру басталды.Сайлау барысында сантитарлық нормалар сақтаулы.Таңертеңнен бастап белсенді түрде сайлауға қатысуда.Біздің учаскеде 3 адам  үйде дауыс беруге өтініш  жасады.Сайлау комиссиясы үйде  дауыс беру бойынша  барлық жағдайды қарастырған.

Қарағанды қаласының тұрғыны билығы сайлаудың әрбір азамат үшін жөніде, жолыда бөлек екенін айтады.Жиырма жасар бойжеткен  осымен екінші мәрте дауыс беріп отыр.Ол саяси науқанға деген  өзінің шынайы көзқарасын былайша білдірді.

Индира МҰРАТ,  Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Сайлау еліміз үшін маңызды қадам. Бүгін дауыс бергеніме өте қуаныштымын.Жәнеде сақтық шаралары жоғары деңгейде екеніне көзім жетті.

Сайлау учаскесіндегі сайлаудың өту барысын  11 адам байқап бақылауда.Олардың арасында қоғамдық бірлестің жетекшілері мен  партияның сенімді  өкілдері бар.

Мейрам ҚАСЕНОВ, байқаушы:

-Сайлауда бірінші рет емес.Осы учаскеде барлық тәртіп пен талаптар сақталуда.Көңіліміз толады.Саяси шара өте жақсы ұйымдастырылған.

Саяси шара өтетін жерде   барлық талаптар сақталған.Сайлаушылар әлеуметтік ара қашықтық сақтап, бептерделерін тағып санитарлық шарттарды барынша ескеруде.Айта кетейік, бұл уческеде ерекше жаратылған жандарға қажетті жағдайлар жасалған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар