ҚАРАҒАНДЫ. САЙЛАУ-2019

11:25, 9 маусым 2019

Бүгін еліміз үшін маңызды саяси күн. ҚР Президентін сайлау Қарағанды облысындағы787 учаскіде таңертеңгі жетіден басталып кетті.Аймағымызда барлығы 930 мың сайлаушы бар . Олар қазір саяси науқанға атсалысуда. Қазір әріптестеріміз елеулі жаңалықтың бел ортасында жүр. Саяси доданың басталуы жөгнінде Гүлбақша Ақажанова баяндайды

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Таңның атысымен маңызды таңдауды жасау үшін
мен және әріптесім оператор Әлжан Әйтімбековекеуміз дауыс беру пунктіне  жеттік.Бұл №78 сайлау учаскісі.Қазір сағат 6:30  минут кетті. Сайлау учаскісінің есігі айқара ашық. Мұнда комисия мүшелері мен  бақылаушылардың  жұмысы таңғы  6 дан басталған.

Саяси науқан басталардан  30 минут бұрын бюллетендер темірсандықтан (сейфтен) алынып, мұқият саналып жатыр. Сайлау учаскісінің төрағасы дауыс беру кабиналарын тексеріп, тұрақты және жылжымалы сайлау жәшіктерін талапқа сай  таңбалауын бақылауға алуда.

Қанат ТӨКЕНҰЛЫ, №78 сайлау учаскісінің төрағасы:

-Алдын ала ғимаратты дайындадық. Байқағандарыңыздай талаптар қатаң сақталған. Біздің сайлау учаскісі бойынша 2800 сайлаушы бар. Тұрғындар мен комисия мүшелерінің жұмысына ешқандай кедергі болмауын өзім соңына дейін қадағалаймын. Өзім осымен .... рет сайлау учаскісінің төрағасымын. Барлық ережелерін 5 саусақтай білем. Сеніп тапсырылғаннан, қателікесуге қақым жоқ.  Жалпы осындай тарихи оқиғанына өз үлесімді қосып жатқаныма мақтанам.

Сағат 7:00 десайлау учаскесінің табалдырығы  кісіге толды. Ел ертеңі үшін ерте тұрып сайлауға келгендердің арасында жас та жасамыс та бар. Тоты  саяси науқанға осымен 7 рет келіп тұр. Ұрпағының болашағы үшін таңдау жасауды жөн санайды.  Алғаш дауыс беруге ұмытылған  тұрғын  сылықтан  тыс қалмады.

Тоты СЕЙІТОВА, сайлаушы:

-Мен ең алғаш  сайлауға қатысқанда  бірінші болып келгенмін. Ол кезде жасым 23 те Қарқаралы ауданында  дауыс бердім. Бірақ ол кезде мұндай сыйлық бермейтін. Кейінгі жылдары осындай құрметке ие болып жүрміз. Бұл күнді мен маңызды деп есептеймін. Сондықтан таңертең ерте тұрып балаларым мен немерелерімді үйден алып шықтым. Головкиннің жекпе жегіне үлгеру үшін  оларда менімен ерте келді. 

Саяси шара өтетін жерде   барлық талаптар сақталған. ҚР Президенттігіне үміткерлер жайлы ақпарат қойылған, веб камералар да орнатылған,  әр кандидаттың өкілдері де осында. Бақылаушылардакірпік қақпай міндеттерін мүдірмей орындауда. Тіпті кейбірі ауқаттантын түскі астары мен термосқа құйылған шәларын да ала келіпті.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Учаскімнен  қолыма бюллитенді  алдым. Қазір кабинкаға барып таңдауымды жасаймын. Жалпы бұл  дауыс берудің  ешқандай қиындығы жоқ. Бар болғаны 5 минуттың ішінде тыңдырып тастауға болады.Ел басқару және оған лайықты басшыны тағайындау  үлкен жауапкершілікпен қарайтын шаруа. Сондықтан ҚР азаматы ретінде менде өз таңдауымды жасап, тарихи оқиғаның куәгері атандым.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар