САДАҚ АТУ - МЕРГЕНДІК ӨНЕР

17:34, 12 ақпан 2019

Теміртау қаласында садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Сайысқа қатысушылардың арасында рекордтық көрскеткіш көрсеткен оғыландар да бар. Ал атқан жебесі нысанаға дөп тиген жеңімпаздар Токиодо өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алады.Сайдың тасындай іріктелінген сұрмергендермен біздің түсіру тобымыз тілдесті.

Құрышты қалада жалауын желбіреткен жарыста еліміздің барлық өңірінен есімдері етене таныс садақ атушылар сынға түсті.Республикалық чемпионатта қара үзгендер ұлттық құрама сапына өту мүмкіндігіне ие болады.Оқ бойы озық шыққан  оғыландар 2020 жылы Токиодо өтетін Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді.Бұл әрине әр спортшының асқақ арманы екені айна қатесіз.

Кирилл ЦАЙ, Қарағанды облысының аға бапкері

-Жүлделі орынға қол жеткізу үшін тырысамыз.Спортта сырттай сыйластық болғанымен, іштей бәскелестік бар.Шәкірттерім  Шымкент Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының  сайыпқырандарымен текетіреске түсуде.

Ерте заманда садақты батырлар аң аулау мен қасына қарсы ататын қару ретінде қолданған  еді.Ал қазір заманға сай садақтың пішіні өзгеріп, сұрмергендер шұғылданатын спорт түріне айналды.Рысбек Райгүлдің садақ ату спортымен айналысып жүргеніне 7 жылдан асыпты.Дүбірлі додада Алматы облысының намысын қорғауға келген аймаңдай ару әлем чемпионы атануды көздейді.Көкейдегі үкілі үміт пен нық сенімі де осыны көксейді.

Райгүл РЫСБЕК, чемпионатқа қатысушы / Алматы облысы /

-Азия чемпионатын ұту.Осы ел чемпионатында барлық спортшылармен бағымызды сынап  үлкен жетістіктерге жетіп, және қарсылас спортшыларға сәттілік тілеймін.

Жарысқа жалпы саны 224 спортшы қатысқанын айтады ұйымдастырушылар.Тартысқа толы чемпионат «Миттал» спорт кешенінде өткізілуде.Сайыс ақпан айының он алтысына дейін жалғасады.Ешкімге есе жібермей, еншісінен қағылмаған жеңімпаздардың аттары да осы күні анықталады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар