РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ

16:27, 16 сәуір 2018

Бір жыл бұрын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарыққа шыққан еді

Осыған орай Астанадағы ұлттық музейде  көрменің шымылдығы түрілді.Шарада  еліміздің барлық аймағынан келген өкілдер рухани жаңғыру бағдармасы аясында жүзеге асырылған жобаларын ұсынды.Қарағанды облысынан арнайы барған делегацияда маңызды құжат төңірегіндегі  тындырылған жұмыстарды жан-жақты баяндады. Ұлттық музейде жиналған қауымға  маңызды құжаттың  негізгі алты бағыты бойынша қанат қаққан  14 облыстағы  жобалар таныстырылды.Бір ғана мысал  «Туған жер»  және «Қасиетті Қазақстан» мен «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» «100 жаңа есім» «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» пен  «Латын әліпбиіне көшу» сынды бағымды бастамалар мемлекеттің дамуына тың серпіліс берді.

Гүлнәр ҚҰРБАНБАЕВА облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі

Бізде  бағдарламаның бағыттарына сәйкес   195 жобаны қолға алынды.  Меценаттар мен  кәсіпкерлер   аулаларды абаттандыруға атсалысты. Киелі жерлерге ескерткіш орнатты. Атымтай азаматтар игілікті істерді өздері ұсыныс білдіріп, тегін жасады.

Жобалардың тұсаукесер рәсімінде  ҚР Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі мақаланың айқын міндеттеріне баса  тоқталды.Өз кезегінде Аида Балаева  бағдарламаны жүзеге асыру жолында белсенді атсалысып, өскен өлкесін өркендетуге үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. 

 

Аида БАЛАЕВА ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі 

Сіздер білесіздер ме? Жобалық кеңсенің не үшін құрылғанын. Олар  күнделікті жобаларды талдайды. Мемлекет басшысынан келіп түскен  әділ сын ескертпелерінен кейін біз жобаның кеңсесінде  барлық іс-шаралардың тұжырымдамасы мен  мазмұнын мұқият ойластырдық.Демек бүгінгі күні  нәтижелері бар деп нақты айта аламын.

«Рухани жаңғыру» көрмесіне қатысқан қонақтардың қатары қалың.Олардың арасында «Отан» сағаты компаниясының жетекшісі  және  «Отан патриоты» брендінің негізін қалаушы қарағандылық Арман Тосқанбаевта бар. Ол 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы.

Арман ТОСҚАНБАЕВ кәсіпкер 
Рухани жаңғыру  бұл шын мәнінде әлемде теңдесі жоқ жоба. Ал мемлекет басшысының  бастамалары қашанда революциялық болып табылатыны сөзсіз.Алдағы он жылда  Қазақстан  қуатты қарқынмен  озық елдер санатынан көрінетініне өз басым кәміл сенемін. 
«Туған жер» бағдарламасына қазақстандықтарға  айрықша серпін сыйлады. Бұл бағдарлама  экологияны жақсартуға,елді-мекендерді көркейту және мәдени тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруге бағытталған. Облысымызда 2018 жылы  280 жобаның құлашын кеңге сермету жоспарланып отыр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар