РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

12:35, 27 қараша 2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша биыл Нұра ауданында 25 жоба жүзеге асты. Нұра кентінде Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленген мурал пайда болды. Ал, Мұзбел ауылында жас домбырашылар кәсіби электронды ұлттық аспапқа ие болды

Суреттердің бастапқы нұсқалары мықты суретшілердің талқысынан өткен. Таңдалған бояуы да ауа температурасының кез келген жағдайына төзімді екен. Абай Құнанбаевтың бейнесі қазақтың кең байтақ жерінде, табиғат аясында сомдалған. Бұған біріншіден дала баласы елдің мұңын жоқтаумен қатар 4 мезгілді жырға қосқаны себеп.  

Сүлеймен ЖҰМАБЕКОВ, Нұра кентінің тұрғыны:

Орталық көшеде еңсе тіктеген муралдың салынуына жұмсалған миллионға жуық қаржыны Нұра кентінің әкімдігі бөлген. Ақын бейнесінің астына Абай Құнанбаевтың «Пайда ойлама, ар ойла»... өлең жолдарынан үзінді жазылған. Тұрғындар бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарқын көрінісі дейді.

Әділбек ҚҰМАР, Нұра кентінің тұрғыны:

Ал, Мұзбел ауылында өнерлі балаларға «Прежевальск» ЖШС директоры Ықсан Тәттібаев 9 кәсіби домбыра сыйға тартқан. Кәсіпкер М.Дулатұлы атындағы мектеп оқушылары мен ұстаздардың өтінішін жерге қалдырмай қажетті қаржыны бөлген. Ұлттық аспап Алматыда арнайы тапсырыспен тек қызыл ағаштан жасалған.

Байқал АДЬЯТҰЛЫ, мұғалім:

Енді мектеп ұжымы ансамбль құрып, онлайн шығармашылық кеш беруді көздейді. Қазір дайындық қызу жүріп жатыр.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар