РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

16:33, 18 қазан 2019

Бүгін елімізде Рухани келісім күнін мерекеленуде.Ал Қарағанды облысында 20-ға жуық түрлі конфессиялар бар. Ұлтпен ұлыс өкілдері бір-бірінің дәстүрі мен дініне құрметпен қарайды.Бұл жолы дін өкілдері дөңгелек үстел басында кездесті

Емен жарқын әңгіме, құрақ ұшып, құшақ жая  амандасу.Егемен еліміздегі әр түрлі дін өкілдерінің ортасында дәл осындай сыйластық орнаған.Кездесуде мешіт имамдары мен шіркеу қызметкерлері отбасылық құндылық пен  ізгілік және мейірімділікті сақтаудың қағидаттарын жайында ой қаузады.

Өмірзақ БЕКҚОЖА, Қарағанды облысының өкіл имамы:

-Негізгі тұрақтылтан қалыптасады. Бұл ел арасандағы бейбітшілік – ынтымақ пен татулықтың берекетінен, берекесінен пайда болады.

1992 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен  бірінші «Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі» өткен болатын.Сол маңызды жиынға қатысушылар қазан айының 18-ін «Рухани келісім күні» - қақтығыстар мен жанжалдарға тосқауыл қою, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдаған еді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Бейбітшілік пен келісім еліміздің табысты дамуының негізі болып табылады. Бұған ешкім күмән келтірмейтінін ақиқат.Өйткені бұл  біздің экономикалық өсудің, саяси тұрақтылығымыздың негізі. Айталық  этносаралық келісімді сақтау бойынша көптеген елдерге  үлгі болдық. Сондықтан да  Елордамызда Елбасының бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер съездері өтетіні баршамызға белгілі.

Аймағымызда 20-ға жуық конфессиялар бар.Бір ғана мысал  мешіт пен  католик және православ шіркеулері шахардың шырайын ашып тұр.

Збигнев ГРЫГОРЦЕВИЧ, Қарағанды епархиясының дін қызметшісі:

- Айшықты діни ғимараттардың болғаны әлбетте жақсы. Біз діни сенімдегі айырмашылықтарға қарамастан ұлттарға ыстық ықылас танытып, барынша қадірлейміз. Себебі тәуелсіз мемлекетте баға жетпек байлық бар.Яғни бірлігіміз бекем, тұрақтылық пен дақ түспеген достық.

Бүгін мешіттерде имамдар   бейбітшілік пен келісім ұғымдарына бағытталған уағыз айтады.Ал православтардың ғибадатханасында  тұтас татулық, бағаналы бірлік тақырыбы тереңнен насихатталмақ.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар